Бүгін наурыздың бірінші күні Қазақстан халқы Алғыс айту күні мерекесін атап өтуде.
2015 жылдың 15 қаңтарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Жарлығына қол қойды. Оған сәйкес, 1 наурыз - Алғыс айту күні болып бекітілді. 1995 жылдың 1 наурызы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. 2015 жылы Ассамблеяның 20 жылдығы кезінде Мемлекет басшысы бұл күнді Алғыс айту күні деп жариялауды ұсынды. Осылайша, елдегі барлық этностардың өкілдері бір-біріне және қазақтарға алғыс айта алады.
«Сталиндік режим кезінде түрлі жылдары Қазақстанға көптеген халықтар жер аударылды - 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халқының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары көшіп келуге мәжбүр болды. Оларды пойыз вагондарынан жапан далаға түсіріп кетті. Ол кездері мұнда тек қазақтар өмір сүрді. Сондықтан, олар қабыл алып, көмек көрсетті. Қиын уақыттарды бастан өткеріп жүрген қазақ отбасылары балшық үйлеріне кіргізіп, қабылдады. Біздің жанұямыз да үш баласы бар ерлі-зайыптыны қабылдады. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін - 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және мейірімділік көрсетіп, түрлі халықтарды туғанындай қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні деп атап өткен дұрыс болар еді. Бұл бізді одан әрі жақындастырар еді. Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне мейірімділік, достастық және махаббат таныту мерекесі бола алады», - деп мәлімдеді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 22 сәуірі күні ҚХА-ның XXII сессиясы кезінде сөйлеген сөзінде.

Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Кеше
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Кеше
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Кеше
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды
Ата заң • Кеше