Маңғыстау табиғатында тосын жағдай орын алды. Суда тіршілік ететін аңның төлдері теңізден қашып, құрғақ далада жорғалап жүр! Судан ұзақ уақытқа шығарса бар күшімен бұлаңдай бұлқынып, құйрық-қанатымен жер сабалап жанталасатын тұқымның бұл әрекетін түсінбей жұртшылық дал...
Соңғы жылдары итбалықтардың жаппай өлуіне жорамалдар аз болған жоқ. Енді Маңғыстаудың құрғақ даласын кезіп, жапан түзге шығып кетуін ешкім түсіндіре алар емес.
Алдымен ақпан айының бірде жылымық, бірде аязды алдамшы ауа райының аясында алысқа «ұзаған» итбалықтарды мұнайшылар тауып алған. Бірін теңізден 30 шақырымдай қашықтықтағы «Қаражанбас» кен орнындағы тас жолдың маңынан тапса, екіншісін «Солтүстік Бозашы» кен орны маңынан «ұстаған». Көп кешікпей тағы бір тұрғын итбалықтың төлін «Қаражанбас» кен орнына қашық емес тұстан кезіктірген. Итбалықтардың судан алыстауына қатысты пікір де екіге жарылып отыр, бірі – Каспий теңізінің суы ластануы салдарынан олар өз ортасын, су әлемін тастап қашқан десе, екінші пікір – олардың шалғайға шашылуына адам қолы араласқан, әйтпесе су аңының судан безінуі мүмкін емес дегенді айтады. Соңғы пікірді айтушылар, жағалауда жатқан төлді қызықтаған адамдар алып кетіп, далаға қалдырып кеткен дегенге келтіреді. Алайда, итбалықтар табылған мұнай кен орындары маңына оларды алып өту мүмкін емес екен, себебі, арнайы тексеру бекетінен өту кезінде итбалықтар түгілі, артық иненің жіберілмейтіні рас.
«Итбалықтардың қырылуы Каспий теңізінде мұнай кен орындары игерілмей тұрып та орын алды. Ол кезде теңіз суы таза болатын. Бүгінде итбалықтардың өлуі мен даладан кезігуін теңіз суының ластануымен байланыстыратындар бар. Рас, теңіз суы мөп-мөлдір, тап-таза дей алмаймыз, әйтсе де итбалықтар үдере көшетіндей дәрежеде ластанды деп тағы айта алмаймыз» деген мамандар итбалықтарға қатысты мәселені олардың төлдеуі кезіндегі «кіндікқатар» жағдайымен байланыстырды. Табиғат, сол сияқты су әлемі де өзара тепе-теңдікті сақтап тұрады, итбалықтар мәселесі де сол табиғаттың тосын бір құпиясы болуы мүмкін дегенді айтады экологтар.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы

Ақ Олимпиада: Надежда Морозова мен Елизавета Голубева үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 21:36
UAE SWAT Challenge: Қазақстан арнайы жасақтары турнирдің алғашқы күнінде топ жарды
Оқиға • Бүгін, 21:26
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Бүгін, 18:55
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Бүгін, 18:40
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Бүгін, 18:22
Ерқанат Көпжасарұлы: Жаңа Конституцияда еркіндік пен жауапкершілік бір арнаға тоғысады
Ата заң • Бүгін, 18:11
Қаржы министрлігі ескертеді: Министр Такиевтің атын жамылған алаяқтар пайда болды
Қаржы • Бүгін, 17:44
Жапонияда жауған қалың қар салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:32
«Көмбенің» көмескі ізі: Ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын
Спорт • Бүгін, 17:15
Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Конституциялық комиссияда жаңа Ата Заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 16:57
Аида Балаева: Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды
Ата заң • Бүгін, 16:45