Даңқты қақпашы, футбол маманы Құралбек Ордабаев алдағы маусымда чемпиондық атақты қай командалар сарапқа салатыны жайлы пікір білдірді. Айтуынша бұл жолы да «Астана» мен «Қайрат» арасында өтпек. Дегенмен, премьер-лига үш айналымнан тұратындықтан командалар арасындағы бәсекелестік күшейіп, қызығушылық арта түседі деген ойда, деп хабарлайды vesti.kz.
«Маусымаралық үзілісті қай команданың қандай ойыншыны алғанын білмеймін. Бірақ чемпиондық талас "Астана" мен "Қайраттың" арасында өрбитіні анық. Өзге клубтар қандай футболшы алмасын, бұл ұжымдарға бәсекелестік таныта алмайды», - деді даңқты қақпашы.
«Алтай» командасы премьер-лигаға шыққанмен, сертификатының дұрыс болмауынан жолдамадан қағылған. Оның орнын "Тараз" клубы басты.
«Меніңше, жамбылдықтар премьер-лигаға қатысатындары жайлы кеш білді. Ваит Талгаев үшін бұл күтпеген жаңалық боғаны анық. Енді барлығы оның білігі мен тәжірбиесіне тәуелді болмақ. Ал «Алтайға» келер болсақ, БАҚ беттерінде жазылғандай, ШҚО әкімінің айтқан сөздерін басты назарда ұстасақ онда клуб басшылығы толықтай кінәлі. Тиісті міндеттерін дұрыс атқармады. Кімге сенгендерін білмеймін, алайда біріншіліктің регламентін сақтауы қажет еді. Бір сөзбен айтқан клубта өз ісін дұрыс білмейтін мамандар көп», - деді Құралбек Ордабаев.
«Қайрат» командасының ардагері біріншіліктегі алғашқы екі орынның иегерлерін айтты. Ал үшінші орын кімде болмақ?
«Қола жүлде үшін үш бірдей команда таласқа түседі. Алайда нақты кімдер екенін айту қиын. Чемпионат басталып, бес-алты тур өткен соң анықтала бастайды. Не десек те, бұл жолы біріншілік қызық болғалы тұр. Өйткені командалар бұрынғыдай екі алтылыққа бөлінбейді. Ең қызығы үшінші айналым болады. Кімнің қай орынға таласатынын белгілі болғанда қызығушылық та көбейе түседі. Оның үстіне, еурокубок жолдамасы үшін талас басталады», - деді ол.
• 01 Наурыз, 2017
Құралбек Ордабаев: Чемпиондыққа талас «Астана» мен «Қайраттың» арасында өтеді

Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Бүгін, 18:55
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Бүгін, 18:40
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Бүгін, 18:22
Ерқанат Көпжасарұлы: Жаңа Конституцияда еркіндік пен жауапкершілік бір арнаға тоғысады
Ата заң • Бүгін, 18:11
Қаржы министрлігі ескертеді: Министр Такиевтің атын жамылған алаяқтар пайда болды
Қаржы • Бүгін, 17:44
Жапонияда жауған қалың қар салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:32
«Көмбенің» көмескі ізі: Ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын
Спорт • Бүгін, 17:15
Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Конституциялық комиссияда жаңа Ата Заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 16:57
Аида Балаева: Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды
Ата заң • Бүгін, 16:45
Сыр өңірінде шибөрі неге көбейді?
Аймақтар • Бүгін, 16:38