Бұл күндері Майамиде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев кеше Лондон Олимпиадасының чемпионы Люк Кэмпбеллмен спаррингтік жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды baq.kz.
Бес раундтық жекпе-жектен кейін екі тарап та бір-біріне алғыс білдіріп, қол алысты. Дегенмен, ағылшын боксшының командасы түсінікті жағдайларға байланысты спаррингтің видеосын жарияламауды өтінген.
Айта кетейік, 29 жастағы Люк Кэмпбелл 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, 2008 жылғы Еуропа чемпионы және 2011 жылы Бакуде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2013 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан. Бүгінге дейін еншісінде 16 жекпе-жек бар. Соның 15-інде жеңіске жетіп, 12 қарсыласын нокаутпен жеңген. Келесі жекпе-жегі 25 ақпанға жоспарланған Кэмпбелл Йоркширдің «Айс Арена» стадионында мексикалық Хайро Лопеспен айқасып, WBC silver чемпиондық белбеуіне таласады.
Ал Айдар Шәрібаев шаршы алаңда төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Үш қарсыласын нокаутқа түсірген. Майамидегі Moro’s Gym залында белгілі кубалық Осмири Фернандестің қарамағында жаттығып жүрген жерлесіміз келесі айқасын 17 наурызда өткізеді.
«Қазір бапкерім Моро физикалық жаттығуға көп көңіл бөліп жатыр. Келесі жекпе-жегім наурыз айының 17-сіне жоспарланған. Әзірге қарсыласым белгісіз. Мұнымен промоутерлерім айналысуда. Осы жақта әлі біраз болып, екі жекпе-жек өткіземін. Елге содан кейін ғана ораламын», – деді Айдар.
• 28 Ақпан, 2017
Боксшы Айдар Шәрібаев Олимпиада чемпионымен жекпе-жек өткізді

Әлеуметтік сала: ілгерілеу мен іркілістер
Саясат • Бүгін, 10:00
Мүмкіндігі шектеулі балаларға – ерекше назар
Қоғам • Бүгін, 09:50
Пікір • Бүгін, 09:40
Елдік көзқарастың қалыптасуы маңызды
Пікір • Бүгін, 09:30
Реформа • Бүгін, 09:20
Қазақстан – Беларусь: Парламентаралық ынтымақтастық нығайып келеді
Саясат • Бүгін, 09:15
Марат Сұлтанғазиев: Аймақты жан-жақты дамыту – басым бағытымыз
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Конституциялық реформа бизнестің де өрісін кеңейтеді
Саясат • Бүгін, 09:05
Донор мен дотация: Өңірлерді өркендету бағдары қалай өзгереді?
Экономика • Бүгін, 09:00
«Е-АӨК» платформасы іске қосылады
Шаруашылық • Бүгін, 08:58
Креативті индустрия туралы заң қаралды
Үкімет • Бүгін, 08:55
Экономика • Бүгін, 08:50
Кәсіп бастағандарға – 400 млн теңге
Бизнес • Бүгін, 08:45
Ақиық ақынды шетел оқырманы қалай бағалайды?
Әдебиет • Бүгін, 08:40
Әдебиет • Бүгін, 08:35