ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғановтың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулерді күшейту мақсатында екі агроорталық құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Агроөнеркәсіп саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге өнім өндірушелердің қаржысын тарту жоспарланған. Бұдан бөлек, Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротеxникалық университеті негізінде екі агроорталықты құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, дайын ғылыми теxнологиялардың трансферті жүргізіледі. Ол үшін арнайы орталық та құрылған», – деді Айтуғанов Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетейік, отырыс барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы жұмыс жоспарын таныстырды. Бұл жоспарда Жер комиссиясының жұмысы нәтижесінде қолға алынған шаралар да бар.
«Атап айтқанда, жердің жаңа кадастрлық бағасын белгілеу, нақты мәліметтер базасын жасақтау және геоботаникалық карталарды әзірлеу жұмысы жүргізіледі. Қазіргі заң жобасы Үкіметтің 16 ақпан күнгі қаулысымен Парламенттің қарауына енгізілді», – дейді Айтуғанов.

Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Кеше
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Кеше
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Кеше
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды
Ата заң • Кеше