SpaceX ғарыш компаниясы Айға адам ұшыру туралы жоспарларымен бөлісті, деп жазады ВВС. Аталған компанияның негізін қалаушысы әрі басшысы Илон Маск ғарышқа кәсіби астронавтар емес, қарапайым екі адам ұшатынын айтты. Оның айтуынша, қазір ол екеуі медициналық тексеруден өтуде.
Қазіргі таңда ғарыш кемесі сынақтан өткізіліп жатыр. Ол алдымен пилотсыз ұшырылады. Содан кейін екі адаммен 2018 жылдың екінші жартысында Айға жіберілмек. Бір айта кетерлігі, ғарыш кемесі Айға қонбайды, тек оны айналып ұшып өтеді. Компания басшысының айтуынша, бұл жобаға НАСА серіктестік қолдау көрсеткен. "Біз өз тарапымыздан қауіпті мейлінше азайтуға тырысатын боламыз. Бұл бағдарлама адамзатқа соңғы 45 жылда алғаш рет алыс космосқа ұшуға мүмкіндік береді", дейді компания басшысы Илон Маск. Естеріңізге сала кетсек, Айға адам соңғы рет 1970 жылы ұшқан. Одан кейін НАСА "Аполлон" бағдарламасын бағасы қымбат болғандықтан жауып тастаған еді.Ұлттық құрама футболшылары маңызды матчтарға қатысады
Футбол • Бүгін, 12:52
Шахтерлерге мемлекеттік наградалар табыс етілді
Оқиға • Бүгін, 12:35
Президент 8 мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:13
Ауылдардың жеке кірісі 3,5 есе көбейген
ЖОЛДАУ • Бүгін, 12:12
Қолма-қол ақша алудың жаңа тәртібі енгізіледі
Экономика • Бүгін, 11:50
Оңтүстік Корея мектептерінде смартфон қолдануға тыйым салынады
Қоғам • Бүгін, 11:40