Golden Boy компаниясының жетекшісі, мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль «Канело» Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинге жекпе-жек өткізу мәселесі жөнінде ұсыныс жасалғанын мәлімдеді. Бұл туралы allboxing.ru хабарлады.
«Канело» алдымен 6 мамырда кіші Чавеспен айқасуы қажет. Әрине, отандасына қарсы қиын жекпе-жек күтіп тұр. Бірақ біз бәрін алдын ала жүзеге асырып отырмыз. Головкинге бұған дейін ешкім дәл мұндай тиімді ұсыныс жасамаған. Ендігі шешім GGG-дің еншісінде», – деді Оскар Де Ла Хойя.
«Альварес ешқашанда біреуден жасқанып, жекпе-жектен қашқан емес Ол тек үздіктермен жұдырықтасқысы келеді. Небәрі 26 жасында кіші Флойд Мэйуезер, Эрисланди Лара, Шейн Мосли, Мигель Котто сынды небір атақты боксшылармен күш сынасып үлгерді. Енді міне, кезекте кіші Хулио Сесар Чавес тұр», – деді Оскар Де Ла Хойя.
Айта кетейік, қос боксшы өткен жылдан бері бокс кешін ұйымдастыру ісінде қаржы мәселесі бойынша ортақ шешімге келе алмай отыр. Бұған дейін мексикалық боксшының өкілдері Геннадий Головкинге айқас үшін 15 миллион доллар қаржы ұсынған. Ал қазақстандық боксшы бұдан бас тартып, жалпы түскен қаржыны тепе-тең бөліп алуды мақсат етіп отыр.
• 24 Ақпан, 2017
Альварестің промоутері: «Канело» ешқашан Головкиннен қорыққан емес

Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады
Қоғам • Бүгін, 09:05
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Білім ошағындағы бірегей думан
Мектеп • Бүгін, 08:00
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше