Қызылордаға қос бірдей «Қазақстанның Еңбек Ері» келді. «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ директоры, профессор Юрий Пя мен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Ақшолақов аймақтың денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті.
Мемлекет басшысының Ұлт жоспары – бес институттық реформасын жүзеге асыру мақсатында аймаққа келіп, «100 нақты қадам» аясында іске асатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты өздерінің ой-пікірлерімен бөліскен қос «Еңбек Ері» денсаулық сақтау саласындағы басқа да мәселелер жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ, аталған саладағы соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, медицинадағы әлемдік тәжірибелерді тілге тиек етті. Сапар барысында Юрий Пя 59 жастағы қызылордалық науқастың жүрегіне ашық әрі жаңашыл ота жасады. Ал Серік Ақшолақов 15 науқасқа дәрігерлік кеңес берді.
Серік Ақшолақов пен Юрий Пяны Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы қабылдап, кездесті.
– Біздің облысымызда денсаулық сақтау саласын дамыту үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы қабылданған мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасы аясында 28 индикаторлы көрсеткішке қол жеткізу мақсатында аймақтық жоспар дайындалды. 2016 жылы біз орташа өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа ұзартуды мақсат етіп, ол көрсеткішке қол жеткіздік, – деді облыс әкімі.
Сыр еліне сапарлап келген «Еңбек Ерлеріне» күріштен жасалған өз портреттері естелікке сыйға тартылды. Картина авторы – суретші Қайырбек Зәкіров.
Мәртебелі меймандар облыстық медициналық орталықтың Байқоңыр қаласындағы филиалына, ғарышкерлер мұражайы мен Қорқыт ата мемориалдық кешеніне барып, «Союз МС» ғарыш кемесінің ұшу сәтін тамашалады. Сондай-ақ, ІІІ Интернационал ауылының тұрғындарымен кездесті.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы

Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30
Өскеменде жарылыстан кейін ауа сапасы нашарлады ма?
Экология • Бүгін, 14:21
Астанада шілдеден бастап коммуналдық қызмет қымбаттайды
Энергетика • Бүгін, 14:02
Сурдлимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушылары 5,5 млрд теңге сыйақы алды
Спорт • Бүгін, 13:40
ІІМ: Қызметтік иттер көмегімен 50-ден астам кісі өлімі ісі ашылды
Қылмыс • Бүгін, 13:22
Батыс Қазақстанда ағайынды екі жігіт заңсыз есірткі өсірген
Оқиға • Бүгін, 13:01
Өскемендегі жарылыс: Зауытта үйінділерді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:57
Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:47
Депозит мөлшерлемесі артты: Қай банктер жоғары пайыз ұсынады?
Қаржы • Бүгін, 12:42
Қытайда фейерверк зауытында жарылыс болды: 21 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:32
Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:23
Өскемендегі жарылыс: Олжас Бектенов жағдайды жеке бақылауына алды
Үкімет • Бүгін, 12:17
Металлургтер қаласындағы игі бастама
Спорт • Бүгін, 12:05