«Қазақ Елі» анимациялық фильмі Каир қаласында өтіп жатқан оныншы Халықаралық анимациялық фильмдердің форумына қатысып «Ең үздік толықметражды фильм» жүлдесіне ие болды. Сонымен қатар, картинаның композиторы Руслан Шынықұлов және фильмнің әуенін жазуға қатысқан музыкант Жанболат Әділов құрмет дипломдарымен марапатталды.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «САҚ-дала» ЖШС түсірген «Қазақ елі» анимациялық фильмі өткен жылы мамыр айында көпшілік назарына ұсынылып, кинотеатрлардан көрсетілген болатын. Жасалуында 2D және 3D-технологиялар пайдаланылған аталмыш туынды болашақ хандар – Жәнібек пен Керейдің балалық шағы мен есею жылдары туралы баяндайды. Фильмнің жарыққа шығуына атсалысқандар қатарында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбай және белгілі жазушы Дулат Исабеков те бар. Картинаның режиссері – Батырхан Дәуренбеков.
- Фильм шетелде көрсетіліп, жоғарғы бағасын алып жатқанына өте қуаныштымын. Осындай жеңістер алдағы күнге деген сеніміңді арттырып, жаңа белестерді бағындыруға шабыт береді. Фильмнің түсіру тобын осы жеңіспен құттықтаймын,-деді фильмнің режиссері Батырхан Дәуренбеков.
Халықаралық анимациялық форумы жыл сайын Мысыр астанасы Каир қаласында ақпан айында өтеді. Фестивальдің ұйымдастырушылары – Мысырдың мәдениет даму қоры және анимация қауымдастығы. Байқаудың басты мақсаты – анимациялық фильмдерді қолдау, тәжірибе алмасу және жас режиссерлардың көркем және техникалық білімдерін арттыру.
Биыл форум шеңберінде Германия, Швейцария, АҚШ, Қытай, Ресей, Австралия, Қазақстан, Франция, Сингапур, Словакия, Австрия, БАӘ, Оңтүстік Корея сынды басқа да елдерден келіп түскен 90-нан астам қысқаметражды және толықметражды фильмдер ұсынылған. Толықметражды анимациялық фильмдерге баға беріп, ең үздігін анықтаған қазылар алқасының құрамына Аббас Әл Аббас (төраға), Тарек Рашад және Сами Рафи кірді.
• 21 Ақпан, 2017
«Қазақ Елі» анимациялық фильмі Каирдағы фестивальде жүлде алды

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:53
Қазақстанның екі дзюдошысы Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 17:22
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Бүгін, 16:40
Әскери дипломаттар Қытайда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті
Қоғам • Бүгін, 16:32
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:40
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Бүгін, 15:10
Президент Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 14:50
Мәскеуде Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парад басталды
Әлем • Бүгін, 14:31
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Бүгін, 14:03
Жоғарғы Сот төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Тағзым • Бүгін, 13:53
Мәулен Әшімбаев майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды
Тағзым • Бүгін, 13:40
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Қазақстан • Бүгін, 13:37
Франция елшілігі қазақ жауынгерлерінің рухына құрмет көрсетті
Қоғам • Бүгін, 13:07
Астанада құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған 5 адамды шығарып алды
Елорда • Бүгін, 12:28
Елена Рыбакина WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчты сәтті бастады
Спорт • Бүгін, 12:04