Қазақстан 117 елге 960-тан астам тауар түрін экспорттайды. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті, деп жазады primeminister.kz
Министрдің айтуынша, феррохромды 188 мың тоннаға 21% заттай артығымен экспортталған, дегенмен ақшалай экспорттық түсім 15 млн долларға төмендеген, катодты мыстың экспорты физикалық көлемде 36 мың тоннаға өскен, бірақ төмендеген құндық мәні 90 млн АҚШ долларынан астам. (Катодты мыстың экспорттық бағасы орташа есеппен 950 долларға, сары фосфор 1400 долларға төмендеді.)
Осыған байланысты Қытай, Иран, Түркия нарығына шығу жөніндегі, сауда миссияларын ұйымдастыру, экспорттық келісімдерді қаржыландыру, шығынды өтеу келісімдерін жүзеге асыру жолымен экспорттаушыларға көмектесу жұмыстары күшейтілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде электротехника (+38,8%-тен 134,3 млн долларға дейін), дайын металл бұйымдары (+11,4% 92,2 млн долларға дейін), резина және пластмасса бұйымдары (+14,5% 55 млн долларға дейін), құрылыс материалдары (+43,6%-тен 50,2 млн долларға дейін), және тағы басқа дайын өнім экспорты артатын болады.
Сондай-ақ, Ж. Қасымбек аталған жұмысты күшейту үшін ҚР Үкіметі жанынан экспорт жөніндегі Ұлттық кеңес, ал КазЭкспортГарант базасында мамандандырылған ұлттық компания «KAZAKH EXPORT» құрылғанын айтып өтті.
Жалпы, 2017 жыл өңделген экспорт өсімінің қалпына келген жылы болады деп күтілуде.
• 21 Ақпан, 2017
Қазақстан 117 елге 960-тан астам тауар түрін экспорттайды

«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13
Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Кеше
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Кеше