Жақында Алматыда Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен спортшылар кешінде ауыр атлет Светлана Подобедова өткен жылдың ең үздік спортшысы атағына ие болды. «Жыл үздігі» атанған Подобедова өткен жылы 2009 жылғы әлем чемпионы атағын тағы жеңіп алды. Сонымен бірге ол Түркияның Анталья қаласында өткен әлем чемпионатында дүниежүзілік рекордқа үш рет өзгеріс енгізді. Подобедованың осындай ерліктерін ескерген Халықаралық ауыр атлетика федерациясы оны жылдың «ең үздік зілтеміршісі» деп таныды. Енді міне, Светлананың осы жетістіктері елімізде де ескеріліп, оған 2010 жылдың «ең үздік спортшысы» атағы беріліп отыр. Осы кеште министрліктің ұйымдастыруымен жыл сайын қаламгер Сейдахмет Бердіқұлов атындағы спорт журналистері арасында өтетін конкурстың жеңімпаздары да анықталды. Конкурстың жеңімпазы болып «Қазақ спорты» газеті бас редакторының орынбасары Зейнел Үйсінбайтегі, «Қазақстан» ұлттық арнасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының тілшісі Индира Бектенова мен «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы Мұсағали Тасқалиев атанды. Кеште жеңімпаздарға сыйлықты министрліктің Спорт істері жөніндегі комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов табыс етті.
Міржақып Дулатұлының мерейтойына арналған ат марафонына 100-ге жуық шабандоз қатысуда
Партия • Бүгін, 17:20
Әлемдегі ең үлкен түйе керуені Алматы облысында өтті
Рекорд • Бүгін, 16:40
Семейдегі жәрмеңкеде 19,5 тонна сиыр еті мен мыңдаған килограмм көкөніс төмен бағамен сатылды
Шаруашылық • Бүгін, 16:13
Қазақстанда World CleanUp Day аясында 422 мыңнан астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:37
АШМ: Сиыр еті бағасы өзіндік құн мен ет сапасына байланысты қалыптасады
Сауда • Бүгін, 14:28