Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиадада қыздар арасында хоккейден Қазақстан құрамасы Қытай командасымен кездесіп, 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
Матч Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтті.
Кездесудегі алғашқы шайба алғашқы кезеңінің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда соғылды. Оны Аспанасты елінің спортшысы Денг Ди өз еншісіне жазды. Ал 22-минутта Женг шабуылды нәтижелі аяқтап, есепті еселей түсті.
Жерлестерімізден Малика Алдабергенова 26-минутта команданың алғашқы әрі жалғыз голын соқты. 36-минутта Қытай хоккейшісі Хе есептегі басымдықты арттыра түссе, 48-минутта Фэнг таблодағы көрсеткішті 4:1-ге жеткізді.
Айта кетейік, отандастарымыз бірінші кездесуінде Ұлыбританияны 11:0 есебімен жеңген болатын. Ал топтық кезеңнің соңғы ойынын 1 ақпан күні Канада құрамасымен өткізеді. Матч Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.
• 31 Қаңтар, 2017
Универсиада-2017. Хоккейден Қазақстан қыздары Қытайға есе жіберді

Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Кеше
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Кеше
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Кеше
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды
Ата заң • Кеше