Испанияның Mundo Deportivo басылымы «Реал» мен «Барселона» командаларының ішкі біріншіліктің алғашқы айналымдағы ойындарын зерттеп шықты. Бұл туралы eurosport.com хабарлады. Мамандардың пікірі бойынша «Барселона» командасы төрешілердің қателігінен осы маусымда 6 ұпайынан айырылыпты. Ал олардың басты қарсыласы «Реал» керісінше 8 ұпай артық жинаған. Mundo Deportivo «Реал» – «Сельта» матчында шабуылшы Альваро Мората офсайдтан доп соққанын, сондай-ақ команда капитаны Серхио Рамос та «Малагаға» қарсы кездесуде жеңісті голды осындай сәттен салғанын жазған. Бұдан бөлек, аталған басылым «Эспаньол» мен «Депортиво» ұжымдарын да арбитрдің қателігінен ұтқанын жазған. Ал «Барселонаның» ойындарында төрешілер бірақатар қателік жібергенін алға тартты. «Сельтаға» қарсы кездесуде рефери Неймарға қарсы тәртіп бұзылғанына қарамастан пенальти белгілемепті. «Малагамен» өткен ойында Пикенің соққан голын есепке алмаған. Ал «Вильярреалға» қарсы матчта айып алаңында Бруно Сорианоның қолына доп екі рет тисе де, 11 метрлік айып добын белгілемеді. Сондай-ақ, кеше сырт алаңдағы «Бетиспен» өткен матчта Жорди Альбаның соққан голын қақпаға кірмеді деген шешіммен есепке алмаған және дәл сол уақытта Луис Суареске қарсы ойын тәртібі бұзылғанын да назардан тыс қалдырды.
Дегенмен, басылым журналистері «Барселонаның» пайдасына бір матчтағы шешім септігін тигізгенін жазған. «Реал Сосьедадпен» өткен ойында Марк-Андре Тер Штегеннің қақпасына пенальти қойылмаған. Айта кетейік, Испания чемпионатында Мадридтің «Реалы» 19 ойыннан кейін 46 ұпаймен көш бастап келеді, ал 20 матч өткізген «Барселона» 42 ұпаймен 2-орында.
Спорт • 30 Қаңтар, 2017
«Барселона» төрешілер қателігінен бірнеше жеңісінен айырылған
Түркістан Түркі аймағының жаңа экономикалық шешімдерінің алаңына айналды
Руханият • Бүгін, 15:37
Фарида Жолдасова: Конституцияның мазмұны жаңарып, ел болашағына берік құқықтық негіз қаланып жатыр
Референдум • Бүгін, 15:27
Михаил Шайдоровтың дайындығына бюджеттен қанша қаржы жұмсалды?
Қоғам • Бүгін, 15:20
Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдары қашан пайдалануға беріледі?
Аймақтар • Бүгін, 15:11
Қазақстанда инсульттан болатын өлім көрсеткіші 4%-ға төмендеді
Медицина • Бүгін, 15:04
Қостанайда ұлы мен әйелін өлтірген әкеге үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 14:47
Қазақстан балмұздақ экспорты бойынша рекорд жаңартты
Экспорт • Бүгін, 14:42
Петропавлда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы үшінші қабаттан құлап кеткен
Оқиға • Бүгін, 14:33
Бейнекамералар мас жүргізуші мен жол ережесін бұзғандарды анықтады
Оқиға • Бүгін, 14:14
Қызылорда облысында 300 орындық көпбейінді аурухана салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 13:53
Қызылша жұқтырған балалар көбейген: Дәрігерлер ата-аналарға үндеу жасады
Медицина • Бүгін, 13:33
Тәркіленген Lamborghini Huracán көлігі 5 есе арзан бағаға сатылды
Қоғам • Бүгін, 13:20
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 13:01
Қызылша тіркелген мектептерге вакцина алмаған балалар жіберілмейді
Қоғам • Бүгін, 12:50