26 Қаңтар, 2017

Ұлттық құрама боксшылары ақсақалдардың батасын алды

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
124 Бокстан Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиындарының соңғы күнінде қазақ боксының ардагерлері Алматыдағы AIBA академиясына барып, боксшыларға ақ батасын берді. Бұл туралы бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуы бойынша ақсақалдан ақ бата алу құраманың дәстүріне айналған екен. «Нақтырақ айтар болсам, 2010 жылдан бастап жаттығу жиындарына ақсақалдарды шақыру дәстүрге айналды. Біздің бабаларымыз ұлы істің алдында Құран оқып, бата алған. Біз де осы дәстүр бойынша байрақты бәсекелердің алдында ақсақалдардың батасын аламыз. Бұл жолы Қазақстан бокс ардагерлерінің төрағасы Мүслім Дайырбеков келіп, батасын берді», – дейді құраманың бас бапкері. 27 Айта кетейік, былтыр Рио Олимпиадасының алдында Мүслім Дайырбеков, Ермахан Ыбрайымов, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жүрінов осы іс-шараға қатысып, спортшыларымызға ақ жол тілеген.