26 Қаңтар, 2017

Қазақстанның 6 облысында жасыл технологиялар орталығы ашылды

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның 6 облысында жасыл технологиялар орталығы ашылды, деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ басқарма төрайымы Салтанат Рақымбекова. «2016 жылдың үлкен жетістіктерінің бірі Қарағанды, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жасыл технологиялар орталықтарының ашылуы болды», - деді ол. 2017 жылы Коалиция Ақмола облысы Аршалы ауданының ауылдарында ауыл кооперативтерін құруға кірісіп кетті. ЭКСПО-2017 қонақтары мен туристердің тамашалауына арналған өзге де объектілер. Бұлар – Қазақстанның алғашқы жасыл ауылы – Арнасай, «EXPO Camp» жастардың «жасыл» лагері, Арнасайдағы қонақтарға арналған эко-үйлер, «Сарыжайлау» жасыл эко-этноауылы, қоқыс өңдей отырып, газ, жылу, электр энергиясын және тыңайтқыш алатын Қазақстандағы алғашқы ауылдағы зауыт. Онлайн-ЭКСПО-2017 конкурсы мен экологиялық тату бизнес конкурсының нәтижелері бойынша Коалиция әріптестерімен бірлесіп отандық үздік «жасыл» технологиялар мен инновацияларды іріктеп алады, бизнесті өнертабыстарын «Арнасай» ЖТО-ға орнатуға, оның ішінде ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесіне келушілерге таныстыруға шақырады. Коалиция әріптестерімен бірлесіп «Сарыжайлау» эко-этноауылын құру жобасын әзірледі. Онда ашық аспан астында қазақстандық инноваторлар мен өнертапқыштардың, «Online EXPO-2017» конкурсы лауреаттарының экспонаттарын орналастыру жоспарланып отыр. Тағы бір жарқын жоба Арнасайдағы «EXPO Camp» жастардың «жасыл» лагері болып табылады. Лагер құрудың мақсаты – елдердің балалары мен жастары арасында халықаралық, экологиялық, этнографиялық, практикалық және зияткерлік демалыс пен тәжірибе алмасуды дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғау, «жасыл» технологияларды пайдалану.
Соңғы жаңалықтар