Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиаданың Алау эстафетасы басталды. Алдымен Елбасы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының капитаны биатлоншы Дәулет Раxымбаевқа еліміздің Туын табыстады. Өз кезегінде Раxымбаев Қазақстан құрамасы жарыстарға толығымен дайын екендігін баяндады.
Елордадағы эстафета екі кезеңге бөлінген. Алаугерлер үш жарым сағат бойы қаланың орталық көшелерімен жүгіріп өтеді. Алғашқы кезең «Назарбаев Университетінен» басталып, «Бәйтерек» монументіне дейін жалғасады. Екіншісі - «Бәйтерек» монументінен қайта бастау алып, оң жағалаудағы қалалық әкімдік алаңында аяқталады. Эстафетаның жалпы ұзақтығы 12 шақырымды құрайды. Алауды барлығы 60 алаугер алып жүреді. Спортшылардан бөлек, 28-ші қысқы Универсиада алауын қоғам қайраткерлері, белсенді оқу озаттары және танымал қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова алып жүрмек. Ал Универсиаданың Алматыда өтетін ашылу салтанатына елорда атынан қазақстандық хоккейші, астаналық «Барыс» клубының қорғаушысы Мадияр Ыбырайбеков қатысады.
Одан кейінгі бес күн ішінде республиканың барлық облыс орталықтары өз Алауларын жағатын болады. Соңында алау Универсиада астанасы Алматы қаласына жеткізіледі. Барлығы эстафетаға 1 мыңға тарта алаугер қатыспақ. Жалпы алау эстафетасы 22 500 шақырымды еңсереді деп жоспарланған.
• 25 Қаңтар, 2017
Астанада Универсиаданың Алау эстафетасы басталды

Қоғам • Бүгін, 09:15
Жауапкершіліктің айқын көрінісі
Реформа • Бүгін, 09:07
Аймақтар • Бүгін, 09:05
Саясат • Бүгін, 09:03
Пікір • Бүгін, 09:00
Арал табанын қалай оазиске айналдырамыз?
Талбесік • Бүгін, 08:55
Экспорт • Бүгін, 08:50
Шаруашылық • Бүгін, 08:45
Ауыл кәсіпкерлеріне қомақты көмек
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Атаулы жылда қандай шаралар жүзеге асады?
Digital • Бүгін, 08:35
Цифрлық мүмкіндік – әскер әлеуетінің өзегі
Айбын • Бүгін, 08:30
Музей • Бүгін, 08:25
Қоғам • Бүгін, 08:20
Тұлға • Бүгін, 08:15
Спорт • Бүгін, 08:10