Абай атамыз бір сөзінде «Осы күні қазақ ішінде «Ісі білмес, кісі білер» деген мақал шықты. Оның мәнісі, «ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалынан жетерсің» деген сөз», дейді. Байқасаңыз, осы бір сөз бүгінгі күнге сай айтылған ба деп ойлайсыз. Өйткені, әлемнің өркениетті елдерінің тәжірибесінен өткен істер халықтың пайдасы үшін жүзеге асып жатады. Халыққа, мемлекетке пайдасы тиерліктей етіп ұйымдастырылмаса, бірде-бір іс қолданылмайды. Сонда, Абай атамыз айтқандай, іс қаншалықты түзу болғанымен, оны лайықты жүзеге асырар білікті маман болмаса, бәрі бекер. Сол айтқандай, енді, міне, азаматтарды уақытша тіркеу мәселесі аяқ астынан жырға айналып, әңгімесі әлі де таусылар емес. Себебі, бұрын байқалмаған су астындағы қойтастар көрініп қалып жатыр. Ал ол халықтың бұрынғыдай бір жерден екінші жерге тып-тыныш барып тұруына кәдімгідей кедергі келтіретіндей күдік туғызуда. Қойтастарды айналып өтуге де мүмкіндік болмай тұр. Өйткені, ол кедергілердің бәрін сыпырып түгел алып тастамай, еркін жүзу жоқ. Сондықтан да, амал жоқ, сол қойтас секілді кемшіліктердің денін біртіндеп жоюға күш салып жатқан да халықтың өзі. Себебі, кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына барыңыз, онда бұл мәселені тездетіп шешудің қамымен қаптап жүрген жергілікті қарапайым адамдар. Содан қазіргі күні тіркеуге тұрып жатқандар қарасы да едәуір молайып қалған. Жасыратын несі бар, осының арқасында алғашқы сәттегідей емес, енді сансыз сұрақтардың да көбіне жауап табылып, көкейкесті мәселелер шешімін тауып жатыр. Мәселен, солардың қатарында заңдағы олқылықтардың орны толықтырылып жатқандығын айтуға болады. Алайда, осы туындаған кедергілерді алдын ала реттеп, даңғыл жол ашып қоюға болмас па еді? Сөзсіз болар еді. Бірақ уақытша тіркеу барысына жауапты адамдар бұған алдын ала онша бас ауырта қоймаған секілді. Сондықтан бұл мәселеге Премьер-Министрдің өзі де назар аударып, орын алған келеңсіздіктер туралы ойын ашық білдірді. Үкiмет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев тiркеу енгiзiлгеннен кейiн ХҚО-ларда үлкен кезектiң қалыптасқанын және мұның халық арасында наразылық тудырғанын айтты. Тіпті Премьер-Министр тiркеуге қатысты сұрақтардың тым көп екенiн және түсiндiру жұмыстарының дұрыс жүргiзiлмегенiн жасырмай жеткізді. «Бірінші рет қашан түсіндірдік? Біз ХҚО-ларда дүрлігу туғаннан кейін ғана түсіндіре бастадық. Бұл норманың халыққа қатысты екенін түсіндік, біз 22 желтоқсанда түсіндіру жұмыстарын бастап кете алар едік, сонда қазір ХҚО-ларға келіп жатқан 40 мыңның 17 мыңы уақытша тіркеуге келіп, қалғандары заңдастыратын еді. Бірақ олар осы күндері келмей-ақ қойса да болар еді, солай ма? Олар тіпті бір жылдың ішінде асықпай келе алар еді, айтарлықтай дүрлігу тумас еді. Адамдар не істерін білмей ХҚО-ларға бара бастады», – деді Үкімет басшысы. Ал Премьер-Министр айтқандай, бұл дүрлігуді тудырмауға тиіс ІІМ уақтылы, яғни алдын ала «түзу істі» жеріне жеткізе електен өткізіп, ертерек түсіндіру жұмыстарын жүргізгенде, мұндай абыр-сабыр туындамаған болар еді. Осындай келеңсіздіктің бәрі, дер кезінде ұйымдастыру жұмыстары жүргізілмегендіктен туындады. Сонда, Абай атамыз айтқандай, егер мұндай «түзу істі» атқара алар «білер кісі» табылмаса, халықты аяқ астынан әбігерге салатын осындай жағдайлар туындай бере ме? Ол қашанға дейін жұрттың шыдамын сынап көрмек? Елбасы қашанда алдымен халықтың қамын қарастыру қажеттігін қаперге салып келеді. Премьер-Министр де бірнеше мәрте ескерту жасағандығы белгілі. Мұндай ескертулерден кейін іс тек естілікпен ғана атқарылуға тиіс деп ойлаймыз. Ал істі біліп, оны есті атқарар мамандар біздің елімізде баршылық. Сонда не іс тындырылса да, ол тек адамға қызмет етуге, адам игілігі үшін жасалатынына бек сенімділік орнығады. Ол сенімді орнықтыра алуды «Темір де көніп тіл қатқан, Тетігін тапқан маманға!», деп ақын Жұбан Молдағалиев айтқандай, іс тетігін тапқан ғана біледі. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»
Батыс Қазақстанда газ бағасы арзандады
Қоғам • Кеше
Қазақы тазының тұқымын жандындыру мақсатында көрме өтті
Алматы • Кеше
Мемлекет басшысы Таиланд Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Медицина қызметкерлері мерекені «Есік» мұражайында өткізді
Мәдениет • Кеше
Қазақстан Президентінің атына Республика күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Республика күні • Кеше
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
Президент • Кеше
Марат Ирменов ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Президент • Кеше
Ұлытауда колледж кітапханашыларын құрметтеді
Руханият • Кеше
Алмалық ауылы алмалы бақтағы 10 гектарға апорт көшеттері отырғызылды
Шаруашылық • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
Президент • Кеше
Егін жинау науқаны аяқталуға жақын
Шаруашылық • Кеше
Географиясы Гиннеспен өлшенген
Қазақстан • Кеше
Ғалам ғажаптары • Кеше
Ғалам ғажаптары • Кеше
Кітапхана • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Мұқтаж жандарға қамқорлық – қастерлі қызмет
Қоғам • Кеше
Алматы • Кеше
Байқау • Кеше
Білім • Кеше
Жаңа буынның көзқарасы мен танымы
Республика күні • Кеше
Құраш МАХҰЛОВ ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері
Марапат • Кеше
Республика күні • Кеше
Қаламгер қазынасы – мұрағат төрінде
Тұлға • Кеше
Сергей ЧЕРНОБАЙ Қазақстанның Еңбек Ері
Марапат • Кеше
Ұлт тағдырын айқындаған таңдау
Пікір • Кеше
Мәдениет және ақпарат майталмандарының мерейі
Қоғам • Кеше
«Бәйтерек» инвестициялық холдингке айналады
Саясат • Кеше
Мемлекеттік наградалар тапсырды
Марапат • Кеше