Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының кезекті отырысы өткен жылы Қызылорда облысында ұйымдастырылған болатын. ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұраларының алдын ала тізіміне облыс аумағындағы Сығанақ, Жанкент, Кескен-күйік, Шірік-Рабат, Бәбіш-мола, Жент, Баланды қалашықтары, Жетіасар мәдени ескерткіштері және Сауысқандық петроглифтері енгізілген. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы өткізіліп, нәтижесінде биылғы жылы археологиялық қазба жұмыстары жүргізілетін объектілердің ауқымы кеңейтілген. Осы жылы Жент, Сортөбе, Кердері кесенелеріне де қазба жұмыстары жүргізілетін болды. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мира Әбуова жыл соңында Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы ескерткіштерге мәртебе беру жөніндегі арнайы комиссия отырысы ұйымдастырылғанын айтып өтті.
Отырыста облыстағы 9 ескерткіш республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.
• 14 Қаңтар, 2017
Қызылорда облысындағы 9 мәдени ескерткіш ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енді

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Ата заң • Кеше
Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды
Ауа райы • Кеше
Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған
Аймақтар • Кеше