Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин видеоконференция режимінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Отырыстың күн тәртібінде 19 мәселе қарастырылды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушы елдер Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) кедендік-тарифтік реттеу, өнеркәсіп және АӨК, энергетика, зияткерлік меншік және ақпараттандыру саласындағы бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.
Комиссия Кеңесінің отырысы барысында ЕуразЭҚ-қа мүше мемлекеттердегі ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар өндірісін және экспортын дамыту мәселелеріне баса көңіл бөлінді. Аталған мәселелерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының қарауына енгізу жоспарланған.
Бұдан өзге, Еуразиялық даму банкінің интеграциялық әлеуетке ие кооперациялық жобаларды дамытуды қаржыландыруы мәселелері талқыланды. Кеңес мүшелері сәйкес кооперациялық жобаларды қарау мен іріктеу үшін жұмыс тобын құру туралы өкім қабылдады. Аталған шешімдерді іске асыру ЕуразЭҚ-қа мүше мемлекеттердің барлығының жалпы өнеркәсіптік дамуына септігін тигізеді. Барлық қарастырылған мәселелер бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың одан әрі дамуына бағытталған өзара тиімді шешімдерге қол жеткізілді.
• 13 Қаңтар, 2017
Мамин Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысына қатысты

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Ата заң • Кеше
Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды
Ауа райы • Кеше
Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған
Аймақтар • Кеше