Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжан Ханьхуэні оның өтініші бойынша қабылдады. Жоғарғы Палатаның Төрағасы таяу күндері Қазақстан мен Қытайдың арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР басшылары ширек ғасырда екі көрші мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестігінің сенімді негізін жасады. Мемлекеттік шекара делимитацияланды және демаркация жасалды, Қазақстан мен Қытайдың белсенді түрде қатысуымен аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жаңа қағидаттық тұрғыдағы жүйесі құрылды. Аймақтық экономика үшін «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасының үйлесім табуының маңызы зор.
Қ.Тоқаев екі елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі өзара тығыз іс-қимылына сенім білдірді. Сенат Төрағасы өзінің таяудағы Қытайға сапарының нәтижелі болғанын, оның екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелері жөніндегі парламентаралық үнқатысуды үдете түсуге ықпал еткенін атап өтті.

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Ата заң • Кеше
Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды
Ауа райы • Кеше
Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған
Аймақтар • Кеше