Ұлттық музейдің Қазақстан тарихы залында тұрған бұл құтының тарихы ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен басталады. Абайдың жер аударылып келген революционер достары Н.И.Долгополов пен Н.М.Лобановский 1883 жылы Семей қаласында тұңғыш «Өлкетану музейін» ұйымдастырады. Абай да ұйымдастыру ісіне құлшына, білегін сыбанып, бір кісідей ат салысады.
«Семей өңірі тарихында музейге тұңғыш жәдігерлер өткізген және музей ашуды ұйымдастырушылардың бірі – Абай Құнанбайұлы. Музейдің болашақ ұрпақ үшін тарихтан хабардар болуына, ескіден естелік естуіне, мәдениеттен мәлімдеме алуына, көнеден көпті білуіне тигізер пайдасының зор екенін терең түсіне біледі. Абай мол түсінігінің арқасында екі жыл өткен соң, яғни, 1885 жылы қазақтың этнографиясын таныту мақсатында, өлкетану музейіне өз қолымен апарып, қазақтың киіз үйін барлық жабдығымен, жиыны 60-тан астам жәдігерлік құнды дүниеліктерді тапсырады», дейді Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Қайыржан Күзембаев.
Сол жәдігерлердің қатарында 1885 жылы музейге тапсырылған құты қайың ағашынан ойылған. Құтының ауыз ернеуіне әшекейлі күмістен сақина шеңбер салынған. Мойынының алдыңғы кеңірдек тұсына ернеуден төмен, тігінен күмістен балдақ ою орнатқан. Екі жанына мойыннан иығына дейін беті оюлы күміс таспа бекіткен. Сыртқы бетінде күмістен шертіп салынған ою шеңбері бар. Шеңбер ортасына күмістен қошқармүйіз ою орнатылған. Екі қаптал бүйірінде күмістен құмырсқабел болып келген оюы және бар. Барлық ою мық, жез шегелермен шегеленіп, мықтап орнатылып, бекітілген. Тығыны қайың ағаштан жонылып, қолмен ұстар басы күміспен қапталған.
Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ

Әуе отынының импорты салықтан босатыла ма?
Қоғам • Бүгін, 09:48
Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды
Қоғам • Бүгін, 09:34
Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді
Экология • Бүгін, 09:20
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?
Құрылыс • Бүгін, 09:00
«Біз үшін су дипломатиясы маңызды»
Сұхбат • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:50
Шаруашылық • Бүгін, 08:45
Саясат • Бүгін, 08:43
Ұлттық қордың балаларға шарапаты
Қоғам • Бүгін, 08:40
Саясат • Бүгін, 08:38
Еңбек • Бүгін, 08:35
Қоғамдық диалогтің дәйектілігі артады
Саясат • Бүгін, 08:33
Құқық • Бүгін, 08:30
Пікір • Бүгін, 08:28