Қазақстан мен Өзбекстан М-39 автокөлік жолын қайта ашатын болды, бұл Ташкент пен Самарқанд арасындағы жолды қысқартуға мүмкіндік береді.
2017 жылдың 6 қаңтары күні Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаев, Қазақстан Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Ильхом Нематов арасында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде кездесіп, Мақтаарал ауданы жерімен өтетін, жаңартылған М-39 автожолын пайдалануға беру және осы учаскеде өткізу пунктін салу мәселесін талқылады.
Автокөлік жолы осы жылдың ақпан айында жөнделіп болып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Еске сала кетсек, 2006 жылы М-39 жолы жабылып, бұл Ташкент пен Самарқанда арасындағы көлік қатынасын қиындатқан болатын. Мәселе шешілген соң Ташкент пен Самарқанд арасындағы жол 89 километрден 24,5 километрге қысқарады. Жолдың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынасын одан әрі нығайтып, сауда мен туризмді дамытуға мүмкіндік береді.
Ерік Өтембаев сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы мен Ташкент арасындағы байланыстар дамиды деп үміттенетінін айтты. Шекаралық аймақта арнайы пост салынып, онда салықтан босатылған тауарлар айналымы бақыланады.
Келіссөздерден кейін Қазақстан мен Өзбекстан өкілдері хаттамаға қол қойды. Тараптар хаттамаға қол қойылуы халықаралық экономикалық байланыстарды дамытып, сауда айналымын жақсартуға үлес қосады деп сенетіндерін мәлімдеді.
• 07 Қаңтар, 2017
Ташкент пен Самарқанд жолы Қазақстан жері арқылы жалғанады

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше