Елордадағы Конгресс-Холл сарайында Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы «Әнім сенсің, Туған ел!» концертін өткізді.
Кеште Мемлекеттік академиялық филармонияның ең үздік әншілері Ғ.Құрманғалиевтің, М.Қанапияновтың, Т.Базарбаевтың, Б.Тілеуханның, Н.Тілендиевтің, К.Күмісбековтің, А.Жайымовтың әндерін орындады. Сондай-ақ, жас композиторлар Арман Жайымов пен Нұрлан Бекеновтің әндері шырқалды.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған концерттік бағдарламада «Сәлем саған, Туған ел», «Дархан дала», «Туған жер», «Атамекен», «Ұлы дала» сынды әндер көрермендердің музыкалық жадында қайта жаңғырып, отаншылдықтың асқақ рухына тәнті еткізді.
Мерекелік концерттік бағдарламаны Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі сүйемелдеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов, дирижері – Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ,

Астанада мектеп аумағында жанжалдасқандар жауапкершілікке тартылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды
Спорт • Кеше
Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді
Шаруашылық • Кеше
Алматыда тұрғын үй өртінен төрт адам құтқарылды
Оқиға • Кеше