Кеше Алматы қаласында Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO), Еуразия ғылыми-зерттеу институты және Түркия Премьер-министрі жанындағы Шетелдегі түріктер және туыс халықтар жөніндегі басқарма бірлесіп ұйымдастырған «Еуразиялық жазғы мектеп» өз жұмысын аяқтап, тыңдаушыларына арнайы сертификаттар табыс етті.
Аталған жазғы мектепке Әзербайжан, Беларусь, Германия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Польша және Украинадан 20 магистрант пен докторант қабылданған болатын. Оларға оқу бағдарламасы шеңберінде Түркітілдес елдердің экономикалық интеграциясы, көлік және инфрақұрылым жобалары, энергетика және су қауіпсіздігі мәселелері, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі және аймақтық ынтымақтастықтың болашағы, сондай-ақ Еуразияда қауіпсіздік мәселелері тақырыбында дәрістер оқылды. Дәріс оқыған сарапшылар да бірқатар шетелдерден шақыртылған. Атап айтқанда, Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Әзербайжан, Ресей, Түркиядан келген мамандар түрлі тақырыптар бойынша лекциялар оқып, пікір алмасты.
Айта кету керек, Жазғы мектепті табысты аяқтаған қатысушылар өз саласындағы білімі мен тәжірибесін арттырып, академиялық талдау жасау машықтарын дамытуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, Алматы мен Астанадағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына бағыт беретін іргелі ұйымдарды аралап, жұмысымен танысатын болды.
«Егемен-ақпарат»

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
Президент • Кеше
«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Қоғам • Кеше