24 Қыркүйек, 2016

Ұлттық Банк онлайн режімінде

317 рет
көрсетілді
28 мин
оқу үшін

10Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев Kapital.kz порталымен бірлесіп ұйымдастырылған онлайн-конференция барысында еліміздің қаржы өміріне қатысты бірқатар маңызды және өзекті сұрақтарға жауап берді. Қазіргі уақытта Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатын және қаржы­лық реттеуді жүзеге асыратын ор­ган ре­тін­де реттеушіге деген сенім­ді қал­пына келтіру жөніндегі стра­те­гиясы шеңберінде ауқымды жұ­мыс жүр­гізі­луде. Нарыққа қатысушы­лар­дың және халықтың Ұлттық Банк­т­ің қыз­меті туралы хабардар болуын жақ­сартуға мүмкіндік беретін қадам­дардың бірі еліміздің бас қаржы инс­ти­тутының оның азаматтарымен барын­ша тығыз байланысы үшін жаңа ком­му­никациялық арналарды құру болып табылады. Коммуникация­лық байланыстарды барынша тиімді дамыту үшін Ұлттық Банк ағымдағы мәсе­лелерді стандартты емес шешуге қабілетті жас мамандармен жұмысты күшейтеді. Бұдан басқа, қоғам­­дық бір­­лестіктермен жұмыс істеу тиім­ділігі артуда. Әзірленіп жат­қан Қар­­­­жылық сауаттылық бағ­дар­ла­ма­­­­сы­­­­ның шеңберінде басты назар сту­­­дент­­термен, қоғамдық бір­лес­тік­тер­­мен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құрал­­дарымен бірлесіп жұмыс іс­теу­ге аударылады. Мыңдаған қазақ­­стан­дықтарға ең өзекті әрі олар үшін аса маңызды ақпаратқа қолжетімділікті аша­тын құралдардың бірі онлайн-кон­ференция өткізу болды, ондай кон­ференцияларды Ұлттық Банк бола­шақта тұрақты негізде өткізуге ниеттеніп отыр. Онлайн-конференция бастал­ған­ға дейін Ұлттық Банкке және оның төрағасының атына екі жүзден астам сұрақ келіп түсті. Екі сағат бойы Данияр Ақышев Қазақстанның республикалық және іскерлік бұқаралық ақпарат құрал­­дарынан келген журналистердің қаты­суымен сұрақтардың бір бөлігі­не ғана жауап берді. Еліміздің қар­жы секторының проблемалары қызық­тыратын азаматтарымыздың қалған сұрақтарына және өтініштеріне келетін болсақ, Ұлттық Банк басшысының айтуынша ол сұрақтарға жауаптар 23 қыркүйекке дейін Kapital.kz. іскерлік ақпарат орталығының алаңында жарияланатын болады. Сұрақтарға жауап бермес бұрын Данияр Ақышев қаржы нарығындағы соңғы деректерді мәлімдеді. Мәселен, ағым­дағы жылғы тамыздағы жағдай бойынша инфляция 5,4%-ды құра­ды. Бұл ретте Ұлттық Банк басшысы 2016 жыл­ғы қазаннан бастап жылдық ин­фля­­­цияның төмендейтінін атап өтті. Ал 2016 жылдың соңына қарай жыл­­дық инфляцияның бір мәнді цифр­ға дейін төмендеуі және оның 6-8% ны­са­налы дәліздің жоғары шегіне жа­қын­­­дауы күтілетіні туралы айтты. Ол сон­дай-ақ тұтастай алған­да бола­шақ­­та инфляцияның айтар­лық­тай өсуі күтіл­мейтінін де атап өтті. Бұл жө­нін­де Ұлт­­тық Банктің интер­нет-ресурсында ұсы­­нылған инфля­ция­лық күтулер бо­йын­ша деректер куәландырады. Валюта нарығындағы жағдайға келетін болсақ, ол 2016 жылғы тамызда және қыркүйекте тұрақты болды. Ұлттық Банктің деректері бойынша, теңге тамызда бір АҚШ доллары үшін 352, 25 теңгеден 340,10 теңгеге дейін 3,4%-ға нығайды. Айыр­бастау бағамы 19 қыркүйекте тамыз­дың соңындағы жағдаймен салыс­тыр­ғанда шамалы нығая отырып (0,2%), бір АҚШ доллары үшін  339,35 теңге деңгейінде қалыптасты. Онлайн-конференция барысында Данияр Ақышев сондай-ақ Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерінің және Ұлттық қор активтері өсуінің оң серпінін атап өтті. Оның айтуын­ша, Ұлт­тық Банктің алтын-валюта а­к­тив­тері жылдың басынан бері 10%-ға өсіп, 30,7 млрд АҚШ долларын құрады. Ал Ұлттық қордың активтері 2%-ға өсіп, 64,9 млрд АҚШ доллары болды. Сонымен қатар, ол Қазақ­станның ақша нарығында өтім­діліктің құрылымдық профи­циті­нің байқалғаны туралы атап өтті. Бұл банк жүйесінде теңге қаража­ты­ның айтарлықтай көлемінің жинақ­тал­ғанын білдіреді. Алайда, халық пен кәсіпорындар тарапынан кредиттерге сұранысының төмен болуынан, сондай-ақ банктердің кредиттер беру жөніндегі қатаң саясатынан бұл қара­жат экономикаға түспеуде. Таяу уақытта Ұлттық Банк ха­лық­­пен қаржылық қызметтерді тұтыну­шы­лардың құқықтарын қорғау саласын­дағы қызмет мәселелері бойынша хабарлармен жедел алмасу үшін мобильді қосымшаны қосуды жоспарлап отыр. Қосымшаның алдын ала аты –  «Ұлттық банк онлайн», оған ипотекалық кредиттеу, айырбас­тау операциялары, төлемдер мен ауда­рым­дар, банкноттар мен монета­лар, банкоматтардың жұмысы және банктердегі қызмет көрсету кіреді. Ұлттық Банктің басшысы қазақстандықтарды мобиль­ді қосым­шаның атауы бойынша, сондай-ақ оның бөлімдері бойынша өз ұсы­ныс­тарын Ұлттық Банктің press@nationalbank.kz электронды мекенжайына жіберуге шақырды. Kapital.kz порталының сайтына және Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне тікелей келіп түскен сұрақтарға келетін болсақ, Данияр АҚЫШЕВ оларға қысқа әрі тұжырымды жауап қайтарды. Іс-шараның модераторы Руслан ГАЗИЕВ те студиядағы журналистерге сұрақ қоюға мүмкіндік берді. Ұлттық Банк басшысының барлық қойылған сұрақтарға, оның ішінде жасырын жіберілген сұрақтарға жауап беруіне орай, біз оқырмандарымыз үшін жауаптары барынша қызықты болып көрінетін сұрақтарды ғана келтіріп отырмыз. Сұрақ: Сіз Ұлттық Банкке келгеннен бері Ұлттық Банк барынша ашық болды. Бұл сіздің өмірлік ұстанымыңыз ба әлде уақыт талабы ма? Д.А.: Бүкіл әлемде орталық банктің ашық және айқын болуы ақша-кредит сая­сатын табысты жүргізу кепілдерінің бірі болып табылады. Бұл халықтың және нарық­қа қатысушылардың жүргізіліп отырған саясатқа және тұтастай алғанда, Ұлттық Банкке және теңгеге деген сенімінің артуына әкеледі. Сұрақ: Жақында сіздің Ұлттық Банкке келгеніңізге бір жыл толады. Қоры­тынды шығаруға әлі ертерек, бірақ менің мынадай сұрағым бар: сіз және Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын және реттеушінің саясатын жүргізген кезде қандай сыртқы және ішкі сын-қатерлерге тап болдыңыз және қандай сын-қатерлер әлі алда? Осы кезеңде қандай іс-қимыл барабар әрі тиімді болады? Д.А.: Мұнайдың әлемдік бағасының құлдырауы ең ауқымды сыртқы сын-қатер болды, бұл ішкі қаржы нарығындағы деваль­­вациялық күтулердің және құбыл­малы­лықтың өсуіне алып келді. Жағдайды игеру және тұрақтандыру үшін шын мәніндегі маңыз­ды күш-жігер талап етілді. Ішкі сын-қатер­лердің ішінде инфляциялық таргеттеуді енгізу барысында туындаған проблемаларды атап өтуге болады, оларға өткен жылдың соңын­дағы күйзелістен кейін ішкі нарықтың қа­л­пы­на келуі мен дамуы, Ұлттық Банкте әзір­­ленген макроэкономикалық модельдеу және бол­жам­дау жүйесін іс жүзінде енгізу жатады. Бүгінгі күні экономиканың жоғары долларлану, қаржы жүйесінің тұрақтылы­ғын қамтамасыз ету, Ұлттық Банкке, теңгеге және тұтастай алғанда банк секторына сенім­ді арттыру қажеттілігі проблемалары маңыз­ды сын-қатер болып отыр. Біз бұл бағыт­та жария етілген барлық шараларды жал­ғас­тырамыз. Байқалған нәтижелерді ескере отырып, біздің барлық шараларымыз барабар әрі тиімді болды. Сұрақ: Қарапайым адамдардың зейнетақы жүйесіне деген сенімін қалай арттырмақсыздар? Зейнетақы активтерін басқару жағы қалай шешілмекші? Д.А.: Мемлекет зейнетақы активтерін жалғыз басқарушы болып табылатын жинақ­таушы зейнетақы жүйесінің қолда­ныс­тағы моделі кемшіліктерінің бірі – салым­шының өз зейнетақы жинақ ақшасын бас­қаруға қатыса алмайтындығында. Зейнетақы жүйесіне сенімсіздіктің негіз­гі себебі осында. Өзінің жинақ ақшасын бас­­қару үдерісіне қатыспаған салымшы инвес­­тициялық стратегияға ықпал ете алмай­ды, басқарушыны таңдай алмайды және ең бастысы, басқарушы ретінде мемлекет қызметінің нәтижелерін салыстыра алмайды, себебі бәсекелес орта жоқ. Өз кезегінде, кез келген нарықта бәсе­келес ортаның болмауы көрсетілетін қыз­меттер сапасын арттыруға ықпал етпейді. Сондықтан да зейнетақы жинақ ақшасын инвестициялық басқарудың тиімділігін арттыру және зейнетақы активтерін жеке басқарушы компанияларға беру Мемлекет басшысының Ұлттық Банктің алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Салымшының инвестициялық стратегия­ны және басқарушыны таңдауы зейнетақы активтерін басқарудың негізі болуға тиіс. Зейнетақы қызметтерінің бәсекелес нары­ғының болуы басқарушылардың инвес­тициялық кірісті көбірек алуына, салым­шыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, нарықтық жағдайлармен инвестициялауға ынталандыратын болады. Салымшыға дәл осындай таңдау­дың берілуі Ұлттық Банктің Қазақстан Республика­­­сының жинақтаушы зейнет­ақы жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі ұсыныс­тар жасауына негіз болып отыр. Бүгін­гі күні бұл ұсыныстарды мүдделі министр­лік­тер мен ведомстволар талқылауда. Сұрақ: Қазақстанның сыртқы боры­шының жай-күйі туралы әңгіме көп. Осы жайында толығырақ айтсаңыз. Д.А.: Қазақстан Республикасының жал­пы сыртқы борышын бағалауды Ұлт­тық Банк тоқсан сайын жүргізіп отырады. Сыртқы борыш статистикасы толы­ғымен халықаралық ұйымдардың (ХЕБ, ХВҚ, ЭЫДҰ, ДБ және басқа) әдісна­малық ұсы­ным­дарына сәйкес қалыптас­ты­рылаты­нын және Қазақстан резиденттерінің сырт­­қы борыштық міндет­т­е­мелерінің барын­­ша толық қамтылуын қамтамасыз ететі­­нін атап өткен жөн. Сыртқы борыш ста­­тис­­ти­к­а­сын қалыпт­астыру Ұлттық Банк­­тің рес­пон­дент­тердің кең ауқы­мы­нан: мем­ле­кеттік органдардан, банк­тер­ден, қар­жы ұйымдарынан, нақты сектор кәсіп­орын­дарынан және шетел­дік компания­лар­дың Қазақстан Респуб­ли­ка­сының аума­ғында қызметін жүзеге асыра­тын филиал­дарынан алатын есептерінің негі­­зінде жүзеге асырылады. Халықаралық ұйым­­дар Қазақстанның сыртқы борыш статисти­к­а­­сын қалыптастыруда қол жеткізген жетіс­тік­терін бірнеше рет атап өтті. Жалпы, сыртқы борышты бағалау рези­дент­тердің бейрезиденттер алдындағы шетел валютасындағы да, ұлттық валюта­дағы да белгілі бір күнгі жағдай бойынша борыштық міндеттемелерін білдіреді және тартыл­ған сыртқы қарыздар бойынша міндет­темелер­ден ғана емес, шетел­дік тікелей инвестиция­лау операциялары шеңберінде туындайтын борыштық міндеттемелерден (фирмааралық берешек) де, коммерциялық операциялар бо­йынша кредиторлық берешектен, сондай-ақ бейрезиденттердің қазақстандық банктердегі шоттарындағы қаражаттан тұрады. Талдамалық мақсаттарда сыртқы борыш құры­лымында мемлекеттік сектордың (Қазақ­стан Үкіметі және Ұлттық Банкі), банк­­­те­р­дің және басқа секторлардың борышы бөлек көрсетіледі. Сонымен бірге, сырт­қы бо­рыш­ты бағалаған кезде кәсіп­орын­дар­­дың шетелдік тікелей инвесторлар­дың, тіке­лей инвестициялайтын шетелдік кәсіп­орын­дар­дың алдындағы және шетел­дік тел кәсіп­орындардың алдындағы міндет­теме­лерінен тұратын фирмааралық берешек бөлек көр­сетіле­ді. Сыртқы борышты басқаруды айт­қан кезде мемлекеттің фирма­аралық берешек­пен байланысты жүйелік тәуекелдері төмен баға­ла­натынын атап өткен жөн, себебі кредитор-тікелей ин­вес­тор қарыз алушының төлем жасау қабілет­сіз­дігінің тәуекелін оның қыз­метін басқару­ға өзінің қатысуы арқылы бөлі­седі. Қазақ­стан Рес­публикасында фирма­ара­лық берешек бо­йынша негізгі міндет­теме­лер (80%-дан аса) бірлескен мұнай-газ сек­торы­ның кәсіпорындарында бар, олар сыртқы боры­шын қызметінен түскен кірістерінің есебінен өтейді. 2016 жылғы 31 наурыздағы жағдай бо­йынша Қазақстанның сыртқы борышы 154,0 млрд долларды құрады, оның 12,2 млрд доллары мемлекеттік секторға (оның ішінде 0,9 млрд доллары – Ұлттық Банктің сыртқы борышы) тиесілі, 7,7 млрд доллар – банктердің сыртқы борышы, 51,2 млрд доллар – басқа секторлардың үлестес емес бейрезиденттер алдындағы берешегі, ал 82,8 млрд доллар – фирмааралық берешек. 2016 жылғы 30 маусымдағы жағдай бо­йынша сыртқы борышты бағалау жөніндегі деректер қалыптастырылып, Ұлттық Банктің интернет-ресурсында 2016 жылғы 30 қыркүйекте орналастырылатын болады. Сұрақ: Нашар кредиттерді есептен шы­ғару бойынша салықтық жеңіл­дік­тер­дің мер­зімін ұзарту мәселесі бойынша қан­дай шешім қабылданды? Есептен шығару кезін­дегі салық жеке тұлғалар бойынша төле­не ме әлде заңды тұлғалар бойынша төлене ме? Д.А.: Салық кодексіне өзгерістердің соңғы редакциясы бойынша шешімді Қазақ­стан Үкіметі қабылдайтыны белгілі, ал осы соңғы редакцияны тікелей қалыптас­тыру­­мен Ұлттық экономика министрлігі айна­­лы­сады. Кешіру бойынша банктік жеңіл­­дік­терге келер болсақ, мынадай талап­қа назар аудару қажет: бірінші – мерзімі ұза­р­ты­латын жеңілдік ағымдағы жылдың басы­на дейін болған жеңілдікке ұқсас болады, екін­ші – жеңілдіктің қолданылуы қарыз алу­­шылардың қандай да бір санатымен немесе кешірудің қандай да бір алдын ала жазыл­ған немесе қағазбастылық тәрті­бі­мен шектел­мейді, үшінші – халықтың әлеу­мет­тік тұр­ғыдан осал топтары мәртебесі бар қарыз алушылардың санатына қосымша кешірілетін берешекті 2016 жылғы 1 қаңтар­ға дейін ипотекалық қарыз алған жеке тұлғалар үшін салық салынуға жататын кіріс ретінде қарамау ұсынылады және ең негізгісі, төртінші – банктердің барлық берешек түрін, оның ішінде өсімпұлдарды, айыппұл­дарды, жинақталған пайызды, негізгі борыш­ты және т.б.кешіруі кезінде жеңілдікті қол­дану ұсынылады. Бұл ұсыныстар банк қоғамдастығымен алдын ала келісілді. Сұрақ: Базалық мөлшерлеме осы айда неліктен жарияланбайды? Ол немен байланысты? Д.А.: Инфляциялық таргеттеу режімін пайдаланатын көптеген орталық банктер базалық мөлшерлеме бойынша шешімдерді қажетті статистикалық деректердің жариялануына және қалыптасқан практикаға қарай жылына 6-дан 12 ретке дейін қабылдайды. Ерекше жағдайларда шешімдер белгіленген кестеден тыс қабылдануы мүмкін. Біз өзіміз үшін ағымдағы жылы база­лық мөлшерлемені қайта қараудың оңтай­лы кезеңділігін жылына 8 рет деп айқын­да­дық. Бұл мөлшерлеме деңгейінің ай сайын қарал­майтынын білдіреді. Базалық мөлшерлеме бойынша соңғы шешім 2016 жылғы 15 тамызда жарияланды, осы мәселе бойынша келесі шешім 2016 жылғы 3 қазанда жарияланатын болады. Тиісінше, ағымдағы жылғы қыркүйекте, сондай-ақ желтоқсанда базалық мөлшерлеме мәселесі қаралмайды. Сұрақ: Шетелдік банктердің 4 жылдан кейін өз филиалдары арқылы біздің нарыққа келетіні, сондай-ақ олар еншілес ұйымдарын құрмайтыны шын ба? Біздің банктер не істеуі керек? Клиенттер осыдан ұта ма? Д.А.: 2015 жылы Қазақстан ДСҰ-ға кірді. Бес жылдық өтпелі кезең аяқталып, Қазақ­стан ДСҰ-ға кіргеннен кейін шетелдік банк­тер Ұлттық Банк белгілеген талаптарға сәй­кес келген жағдайда Қазақстанның аумағын­­­­да өз филиалдарын аша алады. Бұл ретте шетел­дік банктер филиалдарының банк­­тік қызмет нарығына келуі банк сек­торын­дағы бәсекелестікті күшейтуге мүм­кін­­дік жасайды, бұл көрсетілетін банктік қыз­мет­­тер­­дің сапа­сын арттыруға және секторын ке­ңей­туге әкелуге тиіс. Оқиғалардың осы­лай­­ша өрбуі­нен банк клиенттерінің ұтатыны сөзсіз. Сұрақ: Доллармен күрестің алғашқы нәтижелері көрініп отыр. Барлық баға теңгемен берілген. Ал долларды өміріміз­ден қашан алып тастаймыз? Шетелдіктер теңгені сатып алуға және депозитке салу­ға қашан ұмтылады? Д.А.: Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп теңгеге деген сенімді қайтару және ұлттық валю­тадағы құралдардың тартымдылығын арт­тыру жөнінде шаралар қабылдауда. Осы үрдістің одан әрі шарықтауы қосымша уа­қыт пен күш-жігерді, сондай-ақ «сананы дол­­лар­сыздандырудың» ортақ ниетін талап етеді. Сұрақ: Сіз бұрын хабарлағандай, Қазақстанның меншігіндегі, жалпы көлемі 220 тоннадан асатын алтынның нақ­ты салмағы шамамен 114 тонна болатын алтын қорының едәуір бөлігі Қазақ­стан Республикасынан тысқары сақтау үшін әкетілді. Осыған байланысты Қазақ­стан­ның алтын қорының жай-күйі тура­лы толығырақ айтып берсеңіз? Д.А.: Ұлттық Банктің алтын портфелінің жалпы көлемі 2016 жылғы тамыздың соңында 10,3 млрд АҚШ долларын немесе 244 тоннаны құрады, оның ішінде алтынның көп бөлігі (59%) ел ішінде сақталады. 41%-ға жуығын сыйақы есептелетін депозиттерде және сол сияқты шетелдегі сақтау орындарында нақты нысанда орналастырылған сыртқы алтынның үлесі құрайды. Ұлттық Банк алтынды сыртқа соңғы рет Қазақстан Республикасынан тысқары 1990 жылдардың ортасында, алтын-валюта резервтерін қалыптастыру кезеңінде әкетті. Ұлттық Банк алтын-валюта резервтерінің бір бөлігін әкету және әкелу туралы шешімді дер­бес қабылдайды және аллокирленген алтын­ның шетелде сақталып отырған бір бөлі­гін бақылауда ұстап отыр. Сонымен қатар, ел ішіндегі алтын қорына тиісті қорғау қамта­ма­сыз етілген. Алтын қорының шетелде сақталып отыр­ған бір бөлігін сақтау активтердің өтімділігін арттырумен, алтынды бағалы металдар айналысының негізгі нарықтарына тасымалдау шығыстарын төмендету мүмкіндігіне негізделген, бұл өте қажет болған жағдайда жедел өткізу мүмкіндігін береді. Әлемнің жетекші орталық банктері алтын қорларының бір бөлігін шет мемлекеттерде сақтауды қолданады. Бұл көбінесе алтын қорларын орналастырудың әртараптандырылуына және бағалы металдар айналысының негізгі нарықтарына тасымалдау шығындарын төмендетуге негізделген. Сұрақ: Сіз алтын-валюта резервтерін ғана емес, сонымен қатар, Ұлттық қорды қоса алғанда елдің халықаралық актив­терін тиімді басқарудың қандай пер­спек­ти­ва­­ларын болжап отырсыз? Д.А.: Алтын-валюта резервтерінің мақ­­са­тын ескере отырып, Ұлттық Банк бола­шақ­та активтердің өтімділігін, сондай-ақ тәуе­­кел­дің тиімді деңгейін ескере отырып тең­­герім­дел­ген кірісті қамтамасыз етуге ниетті. Сонымен қатар, Ұлттық Банк Ұлттық қор­­дың активтеріне қатысты Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасын қайта қарау шеңберінде оның активтерін стратегиялық бөлуді қайта қарауға бастама жасады. Мәселен, дамушы елдердің корпоративтік облигацияларын және мемлекеттік облигацияларын енгізу арқылы облигацияларды әртараптандыруды, акциялар сияқты, барынша тәуекелді, бірақ сонымен қатар барынша кірісті құралдардың үлесін ұлғайтуды, сондай-ақ құралдардың балама түрлерін енгізуді ұсынды. Осы шара ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор активтерінің күтіліп отырған неғұрлым жоғары кірістілігін қамтамасыз етуге бағыт­талған. Осы бастама қазіргі кезде Қазақстан Үкіметімен бірлесіп талқылануда. Сұрақ: Біз сақтандыру компаниялары мен жа­са­латын сақтандыру шарттары саны­­ның төмендегенін көріп отырмыз. Бұл рет­те сақ­тандыру – маңызды қаржы құ­ра­­­лы, осы нарықты дамыту стратегия­сы бар ма, қандай даму бағыттары айқын­дал­ған? Д.А.: Сақтандыру секторының ел эконо­ми­касының дамуындағы маңыздылығы қазір­гі кезде аса жоғары емес. Әлеуетті тұты­ну­шыларды сақтандырумен ауқымды қамту, әсіресе сақтандырудың ерікті сынып­­тары бойынша болмай отыр, бұл көбі­не­се сақ­тан­дыру ұйымдарындағы көрсеті­летін қыз­меттер мен қызмет көрсету сапасы­ның төмен болуына, сақтандыру нарығы­ның қаты­су­шылары қызметінің айқын бол­мауына және сол сияқты осы қызмет­ті тұ­тыну­­шы­лар­дың қаржылық сауатты­лығы­ның төмен болуына және халықтың сақтандыру нары­ғы­на сенімінің жеткіліксіз болуына негізделген. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы оның тиімді дамуына кедергі келті­ретін бірқатар проблемаларды шешуді талап етеді. Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласының қазіргі кездегі даму кезеңі, оның әлемдік жүйеге кіруі, ДСҰ-ға кіру, сондай-ақ жаһандану үдерістері ұлттық сақтандыру саласының алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды. Қазақстан Республикасының қаржы сек­торын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжы­рым­дамасында сақтандыру нарығын дамы­туға ерекше назар аударылады. Ұлттық Банк 2016 жылғы жазда Қазақстанның қаржылық тұрақтылық және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңестің сақтандыру қыз­метінің 2016 жылғы мәселелері бойын­ша екі отырыс өткізді. Кеңесте шешілуі сақтан­дыру мәселелері және сақтандыру қыз­меті жөніндегі заң жобасын әзірлеу кезін­де ес­ке­р­ілетін барлық проблемалық мәселе­лер тал­қыланды. Атап айтқанда мыналар көзделеді: – Сақтандыру өнімдерінің халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету және сақтан­дыру агенттерінің айқын емес қызметін сату үдерісінен алып тастау үшін сақтандыру полистеріне электрондық сатуды енгізу. – Инвестициялар және даму министр­лігі­­мен бірлесіп шетелге шығу кезінде турис­­тің тәуекелдерін сақтандыру арқылы оны қор­ғау­ға бағытталған шаралар кешенін қабылдау. – Азаматтардың әлеуметтік тұрғыдан қорғалу деңгейінің артуын қамтамасыз ететін өмірді жинақтап сақтандыру өнімдерін сатып алатын азаматтар үшін салықтық жеңіл­діктер енгізу. – Сақтандыру бойынша бірыңғай дерек­қор­ды дамыту, бұл статистикалық ақпаратқа талдау және барлық сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметтерін тұтынушылар үшін барабар тарифтердің есебін жүргізуге мүмкіндік береді. – Сақтандыру омбудсменінің барлық сақтандыру сыныптары бойынша қызметінің аясын кеңейту, бұл клиенттің сот органдарына өтініш жасағанына дейін сақтандыру төлем­­дерін реттеу үдерісін тездетуге мүмкін­дік береді. – Халықтың сақтандыру жүйесіне және сақтандыруды қорғаудың сақталуына деген сенімін арттыру мақсатында кепілдік бері­летін сақтандыру түрлерінің тізбесін кеңейту. – Автокөлік иелері басқа елдердің аумағы­­­на шыққан уақытта жол-көлік оқиға­­сы басталған жағдайда сақтандыру төлем­­дері­не кепіл­дік беру мақсатында халықара­лық авто­­сақ­тандыру жүйелеріне Қазақстан Рес­пуб­­­лика­сының қатысу мүмкіндігін қарастыру. Осы және басқа шаралар Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын одан әрі дамытуға және оның Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы маңыздылығын арттыруға ықпал ететін жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Сұрақ: Қазақстандағы қор нарығы жеткілікті түрде дамымағаны баршамыз­ға белгілі. Сіз және Ұлттық Банк нарық­тың осы сегментін дамыту бағытында қандай жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр? Д.А.: Қазіргі кезде қор нарығы капиталды тарту және орналастыру құралы ретінде қаралмайды, яғни үлестік және борыш­тық қағаздар бизнесті қаржыландыру құ­рал­дарына айнала алмады. Кәсіпкерлер қор­ландыру көздері ретінде басынан бастап кепілдердің болуы, айыппұл санкциялары және т.б. сияқты белгілі бір ковенанттар мен пайдаланудың қатаң талаптары бар дәстүрлі кредиттерді пайдаланады. Ұлттық Банк қазіргі уақытта нақты эконо­мика секторын қаржыландырудың бала­ма арналарын құру мақсатында қор нары­ғын қайта іске қосу бойынша шараларды қабылдауда. Осы мақсаттар үшін эмитент­тердің барлық санаттарының қор нарығы­на кіруін жеңілдетуге байланысты мәсе­ле­лерді шешу, институционалдық инвестор­лар мен бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту, балама ортаны құру, бүгінгі күні қор нарығындағы өзекті емес талаптарды жою жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан Ұлттық Бан­кінде қаржы секторында жаңа технологияларды қолдану мүмкіндігін зерделеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жүргізіліп отырған жұмыс шеңберінде сатып алынған бағалы қағаздарға транзакциялардың жүргі­зілуін және меншік құқығын растау үшін «Blockchain» технологиясын пайдалана оты­­рып, халық үшін қысқа мерзімді баға­лы қа­ғаз­­дарды шығару жөніндегі жобаны ен­­гізу мүм­кіндігі алдыңғы қатарлы бағыт­тар­­дың бірі ретінде қарастырылып отыр. Элек­трон­­дық ақшаны пайдалана отырып, бағ­алы қағаз­дарды сатып алу (сату) мәселесі пысықталуда. Бағалы қағаздармен мәмілелерді онлайн режімінде жасау (лезде жеткізу), делдал­дардың болмауы, мобильді технологияларды қолдана отырып, әрбір клиент үшін опера­ция­лар туралы ақпараттың толық айқын­дылығы мен қолжетімділігі аталған жобаның негізгі артықшылығы болып табылады. Осылайша, жобада электрондық ақшаны пайдалану, бағалы қағаздарды сатып алу (сату) бойынша операцияларды жүргізуге арнал­ған мобильді қосымшаны қолдану, сон­дай-ақ «Blockchain» технологиясын іске асы­ру сияқты үш озық шешімдердің синтезі көзделеді. Жоба ауқымды, ол технологияларды сара­­лау­дың сан алуан түрлерімен байланыс­та болады және төлемдер, бағалы қағаздар сала­сын­дағы заңнаманы және клиентті сәй­кес­те­ндіру мәселелерін ескере отырып, барлық аспектілерді пысықтауды талап ете­ді. Жобаны іске асыруға байланысты көр­се­тіл­ген мәселелер зерделеуді талап етеді, қазіргі уақытта жұмыс тобының іс-әреке­ті соған бағытталып отыр. Жобаның ба­рын­ша толық пайымын біз жылдың соңына таман не келесі жылдың басына қарай ұсынамыз. Сұрақ: Төлем жүйелерінің нарығын және төлемдер мен аударымдар қауіпсіз­дігі­нің шараларын дамытудағы сіздің болжамыңыз қандай? Д.А.: Сұрағыңызға рахмет. Төлем жүйе­лері елдің қаржы нарығының негізгі инфра­құрылымдық құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржы секторының операция­лары және бизнес пен халықтың күнделікті ақша ағыны төлем арналары арқылы өтеді. Бұл, бір жағынан, қантамыр жүйесі тәрізді. Жылдамдық, сенімділік пен қауіпсіздік оның негізгі көрсеткіштері. Қазақстанда қаржы секторының сұраныс­тарына ұтымды жауап беретін төлемдік инфрақұрылым құрылды және жұмыс істейді. Сонымен қоса, бизнес субъектілері мен халық үшін төлем сервистерінің тиім­ділігі мен қолжетімділігін арттыру осы сала­дағы маңызды бағыт болып табылады. Орта мерзімді перспективада төлем нары­ғының дәл осы сегментінде белсенді даму күтіледі, бұл ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына және жаппай енгізілуіне байланысты орын алмақ. Біз қазірден бас­тап Қазақстанда интернет пен мобильді төлемдердің 50%-дық жыл сайынғы өсімін байқап отырмыз, яғни төлемдерді жүргізудің дәстүрлі әдістерінен төлемдерді қашықтан жүргізу арналары мен балама тәсілдерін пайдалануға өту орын алатын болады. Бизнес пен халықтың бұдан да жедел төлем­дерге деген өсіп келе жатқан сұра­ны­сын қанағаттандыру үшін Ұлттық Банк банктердің әртүрлі инновациялық сервис­терді (бірсәттік төлемдерді, мобильді төлем­дерді) енгізуі жөніндегі алғышарттары мен талаптарын құру үшін банкаралық төлем инфрақұрылымын түрлендіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізеді. Сондай-ақ, Қазақстанның шынайы бол­мысында шалғайдағы өңірлер үшін қаржы­лық, оның ішінде төлемдік қызмет­тердің қолжетімділігін арттыру міндеті өзекті болып табылады. Аталған жағдайда біз бүкіл халықты базалық төлем сервистерімен қамту­ды қамтамасыз ету үшін инновациялық технологиялардың артықшылығын пайдалана білуіміз керек. Бұл ретте, қауіпсіздік төлемдерді жүзеге асырудағы маңызды фактор болып табылады, осыған байланысты туындайтын тәуекелдер деңгейін бірмезгілде шектей отырып даму тиімділігі мен тұрақтылығының теңгерімін қолдауға да баса назар аударылады. Онлайн-конференцияның толық нұсқасымен Kapital.kz порталында таныса аласыздар. dscf6562-2 Бетті дайындағандар:  Марат АҚҚҰЛ, «Егемен Қазақстан» және Сергей НАГОВИЦЫН