24 Қыркүйек, 2016

Өзбекстан сайлауға дайындық үстінде

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ozbekstanӨзбекстан бұқаралық ақпарат құралдарының хабар­лауларына қарағанда, елдегі төрт саяси партияның бәрі де Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) үстіміздегі жылдың 4 желтоқсанына белгіленген президенттік сайлауға қатысу туралы құжаттарын тапсырған. Өзбекстанның Халықтық-де­мо­­кра­тиялық партиясы (ӨХДП) мен Өз­бекстанның «Адо­лат» (Әділет) Социал-демокра­тиялық партиясы­ның (ӨСДП) өкіл­дері  осы аптада Ор­талық сай­лау комиссиясына респуб­лика пре­зи­дентін сайлауға қатысу үшін қа­жет­ті құжаттар пакетін ұсын­ды, делі­нген ОСК-ның хабарлама­сында. ОСК-ға осындай құжаттар па­ке­тін Өзбекстанның Либерал-демо­кра­тиялық партиясы (Өз­Ли­Деп) мен «Миллий тикланиш» партиясы (Ұлт­тық қайта өрлеу) да ұсынған көрі­неді. Атап айтқанда, ӨзЛиДеп-тің саяси кеңесі мемлекет бас­шы­сының лауазымына ел прези­ден­тінің мін­детін атқарушы Шав­кат Мир­зиеевтің, «Миллий тикла­ниш» пар­тиясы Сарвар Отаму­ра­довтың, «Адолат» ӨСДП На­ри­мон Ума­ровтың, ал ӨХДП Хо­­там­жон Кет­моновтың кан­ди­­да­­ту­­ра­­л­арын ұсынып отыр екен. Өзбекстан ОСК-сының ресми хабарламасында елдегі барлық төрт саяси партияның өкіл­дері прези­денттік сайлауға қатысу үшін ОСК-ға құжаттарын өткіз­гені атап көр­сетіледі. Ұсынылған құжаттардың негі­зінде ОСК бес күн мерзім ішінде партияларды президенттік сайлауға жіберу не жібермеу туралы нақты шешім қабылдайтын болады. Нақтылай кететін болсақ, кезектен тыс президенттік сайлау Өзбекстанда үстіміздегі жылдың 4 желтоқсанында өткізіледі. Сайлау науқаны 9 қыркүйекте басталып кеткен еді. Ал 30 қыркүйек пен 20 қазан аралығында үміткерлерді тіркеу жүргізіледі.