Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстанның Грекиядағы елшілігі мен Грекияның Қазақстандағы елшілігі екі мемлекеттің мәдениет және спорт министрліктерінің қолдауымен Грекия астанасы – Афинада үстіміздегі жылдың 2 қазанында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Асқар Бөрібаевтың басшылығымен Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының гастрольдері өтетін болады. Грекиялық көрермендер назарына екі балет ұсыну жоспарлануда, олар – «Ұлы Дала аңыздары» (Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған) мен әйгілі Н.Римский-Корсаковтың «Шахерезадасы». Қойылымдар Грекияның ең танымал концерттік залдарының бірі саналатын, өткен ғасырдың 30-шы жылдары француз архитектурасының ең үздік дәстүрімен салынған «Паллас Театрында» өтеді. Гастрольдердің бас демеушісі – «Казкоммерцбанк» АҚ.
«Егемен-ақпарат»

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
Президент • Кеше
«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Қоғам • Кеше