24 Қыркүйек, 2016

Қарағанды полициясына 23 қызметтік көлік берілді

216 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
polis-1Кеншілер астанасында ішкі істер органдары­ның қызмет­керле­рі­не 23 қыз­­меттік көліктің кілт­тері тап­сырылды. Жалпы по­лиция қыз­меткер­лері­нің жұмы­сына серпін беру жолында облыстық әкімдік қолдан кел­ген көмектен аянып жатқан жоқ. Мысалы, биылдың өзінде тәртіп сақшыларының керек-жарағына бюджеттен 10 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Полиция қызметкерлерінің алдында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Мем­лекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірдегі құқық қорғау орган­дарының кадрлық құрамы мен материалдық-техникалық базасын нығайту үшін барлық жағдайдың жасалып жатқанын атап өтті. «Жалпы алғанда, ішкі істер ор­гандары­ның материалдық-тех­никалық тұрғыдан жарақтанды­ры­луы қылмыс деңгейінің тө­мен­деуіне қатты әсер етеді. Бө­лінген қызметтік автокөліктер қоғам­дық тәртіпті сақтауды ны­ғайту мен қылмыспен күресті күшейту жолында айтарлықтай септігін тигізеді деп сенемін», деді өңір басшысы. Рас, полицияға деген көмек об­лыста пәрменді түрде жүргізіліп ке­ле­ді. Мысалы, биылдың өзінде облыс басшылығының тікелей қолдауының арқасында жергілікті полиция қызметінің саптық құрам қыз­меткерлеріне арналып 50 мил­лионнан астам теңгеге 75 көп­функционалды бейне және аудио жазып алу қондырғылары, сондай-ақ 19 миллион теңгеге арттехникалық қару-жарақ  сатып алынған. «Ішкі істер органдары қыз­меті­нің қоғамдық тәртіпті, жол қауіп­сіздігін және құқықтық тәр­тіпті қамтамасыз етудегі негізгі басымдықтарын ескере отырып, автокөліктердің дені облыс орталығы мен өңірлерде жоғарыда айтылған міндет­терді іске асырушы қызмет түр­леріне бөлініп берілетін болады», деді облыстық ішкі істер де­партаментінің бастығы, генерал-майор Мергенбай Жаппаров. Сонымен қатар, ол өздеріне бөлінген техниканың полиция қыз­меткерлерінің алдына қойылған міндеттерді мейлінше тез шешуге ықпалын тигізетінін атап өтті. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ