Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведоны қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесуде тараптар Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі аясында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың бұдан арғы перспективаларын талқылады.
Мемлекет басшысы біздің елдің ұйымға қосылу жолындағы ұмтылысы жөніндегі келіссөздер үдерісі кезінде көрсеткен қолдауы үшін Р.Азеведоға алғыс айтып, бірлесе жұмыс жүргізген жылдарда қол жеткізілген өзара іс-қимылдың деңгейі жоғары болғанын атап өтті.
Р.Азеведо қабылдау үшін ризашылық білдіріп, біздің елмен ынтымақтастықтың тиімділігі зор екенін айтты.
Қазақстан Президенті кездесу барысында Р.Азеведоны достықты нығайтуға және ынтымақтастықты жолға қоюға қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Р.Азеведо Нұрсұлтан Назарбаевқа естелік кәдесый ретінде Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі хаттамаға қол қоюға қолданылған қаламсапты тарту етті.

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
Президент • Кеше
«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Қоғам • Кеше