ПЕТРОПАВЛ. 26 мамыр. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев Румыния делегациясымен кездесіп, инвестициялық әлеуетті дамыту жайлы әңгімелесті. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бірқатар агроөнеркәсіп кешендерінің жұмыс тәжірибесімен танысқан шетелдік кәсіпкерлер Қазақстанда тартымды инвестициялық ахуал қалыптасқанын атап өтті. Өз кезегінде Мұхтар Манкеев ауыл шаруашылығы саласы облыс экономикасының негізін құрайтынын, дәнді дақылдар алқабының көлемі 4,8 миллион гектар екенін жеткізді. Бұл Румыниядағы барлық егістіктің тең жартысын құрайды. Елімізде жиналатын астықтың үштен бірі облысқа тиесілі.
Румыния делегациясының жетекшісі «Мәмбетов және К», «Аби-Жер», «Тайынша-астық» шаруашылықтарының егістік алқаптарын аралағанын, мемлекет тарапынан шаруаларға ойдағыдай қолдау көрсетіліп отырғанын айтты.
Облыс әкімінің орынбасары инвестиция тарту бойынша 25 мемлекеттің өкілдерімен келліссөздерге қол жеткізілгенін тілге тиек етті.
Екі тарап инвестициялық қаражат құю мәселелері бойынша келісімдерге қол қойды.
Өмір Есқали.
Дерек, фото: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
• 26 Мамыр, 2016
Солтүстік Қазақстанға Румыниядан инвесторлар келді

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
Президент • Кеше
«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Қоғам • Кеше