ҚАРАҒАНДЫ. 26 мамыр. Қарағандыда «Асыл әжем – дана әжем» атты әжелер арасындағы облыстық байқау өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Байқауға облыстың жас шамалары 55-75 аралығындағы әжелер қатысты. Сайыскерлер бірнеше аталым бойынша өз өнерлері мен біліктерін қазылар алқасының талқысына ұсынды.
Байқау қорытындысында бас жүлдені Жезқазғанннан келген 75 жастағы Зоя Бейсембаева жеңіп алды. «Алтын әже» жүлдесі балқаштық Шайзада Садықоваға бұйырса, «Күміс әже» сыйлығына қарқаралылық Тілеужан Қазиева лайық деп танылды.
Сонымен қатар, «Фитнес әже», «Әнші әже», «Ақылды әже», «Батыр әже» және «Әдемі әже» аталымдары бойынша да арнайы жүлделер табыс етілді.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, фото: egemen.kz.
• 26 Мамыр, 2016
Қарағандыда «Асыл әжем – дана әжем» атты байқау өтті

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
Президент • Кеше
«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Қоғам • Кеше