ҚАРАҒАНДЫ. 26 мамыр. Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Айжан Ахметжанова Princeton University (Принстон, АҚШ) толық грантына ие болып, шақырту алды. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Айжан Ахметжанова мынадай халықаралық емтихандарды тапсырды: SAT Reasoning – 2140/2400, Physics, Maths, Chemistry – 800/800. TOEFL PBT -657/677, IELTS 8.5/9.0», – делінген хабарламада.
Назарбаев зияткерлік мектебін химия-биология бағыты бойынша бітірген түлек АҚШ-та оқу өзінің бала күннен келе жатқан арманы екенін айтады. Университетте «Қала құрылысы инженериясы» мамандығы бойынша оқитын Айжан болашақта докторлық дәрежеге қол жеткізуді алдына мақсат етіп қойған.
Айта кетейік, Принстон университеті әлемде Плюща лигасына енетін сегіз оқу орнының бірі.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, фото: Қарағанды облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
• 26 Мамыр, 2016
Қарағандылық оқушы Принстон университетінің грантына ие болды

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
Президент • Кеше
«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Қоғам • Кеше