АСТАНА. 26 мамыр. Әйгілі Disney студиясы шығарған «Алиса айнаның арғы бетінде» (Alice through the looking glass) фильмі қазақ тіліне аударылды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Aray Media Group кәсіби дыбыс жазу студиясында режиссер Айжан Жәмшитованың қатысуымен монтаждау және дубляждау жұмыстары жүргізілді. Картинаны дубляждауға 20-дан астам адам жұмылдырылды. Олардың арасында Назерке Серікболқызы, Дәурен Серғазин, Айнұр Бекмұхамбетова сынды әртістер бар.
Айта кетейік, соңғы кездері аталған студияның бірнеше өнімдері қазақ тіліне аударылды. «Джунгли кітабы», «Күлбике», «Малифисента», «Көліктер» туындылары көпшілік назарына ұсынылған.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: 24.kz.

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
Президент • Кеше
«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Қоғам • Кеше