Елордада Мемлекеттік қызмет істері министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік қызметшілер жұмысының ашықтығын және ұлттық бизнестің транспаренттігін қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Осы келісімге сәйкес, әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде ұсыныс әзірлеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру бойынша бірқатар бірлескен шараларды жүзеге асыру көзделген. Осыған орай ынтымақтастық шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат алмасу және ол қызметтерді халыққа ұсынатын мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу де қолға алынады деп жоспарланып отыр.
«Егемен-ақпарат»

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
Президент • Кеше
«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Қоғам • Кеше