Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Ұлттық Банк төрағасы Г.Марченконы қабылдады. “Жыл басынан бері алмастыру бағамы өте тұрақты болды. Алтын-валюта қорының активтері өсті. Ұлттық қордың валюталық активтері қазіргі уақытта 30 миллиард доллардан асады”, деді Елбасына Ұлттық Банк төрағасы.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халықтық Консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Төрағасы Цзя Цинлиньді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси өзара іс-қимылды тереңдету, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, парламентаралық байланысты нығайту мәселелері, сондай-ақ күн тәртібіндегі халықаралық және аймақтық өзекті мәселелер талқыланды.
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.