• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:34

СҚО-да 10,8 млрд теңгеге жуық бюджет бұзушылығы анықталды

40 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облыстық аудит қызметі түрлі тексерулер барысында бюджет қаражатының 10 млрд теңгесіне қатысты бұзушылықты анықтады. Бұл туралы Тексеру комиссиясының отырысында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұзушылықтың негізгі бөлігі бюджеттік жоспарлаудың тиімсіздігіне тиесілі болып отыр. Бюджет қаражатын мәдениет, білім беру, жұмыспен қамту және цифровизация салаларының кейбір бағдарламаларын тиімсіз жоспарлау мен қолдануда жалпы сомасы 10,8 млрд теңгенің бұзушылықтарына жол берілген.  Әрине, бұл жерде бюджетке тікелей материалдық шығын келтірілмеген, бірақ бюджет қаражатын бөлу мен оның тиімділігін бақылауда салғырттық жіберілгенін аудиторлар көзге шұқып көрсетіп берді.