• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Есірткі Бүгін, 11:43

Синтетикалық есірткімен ұсталған Петропавл тұрғыны 7 жылға сотталды

20 рет
көрсетілді

Петропавлдың 32 жасар бір тұрғыны оңай ақша табамын деп қиын жағдайға қалды. Интернет-дүкенге синтетикалық есірткіні қалташаларға «бөлуші» ғана болып жалданған ол сол күні жарты килограмм есірткімен қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көп ақшаны бірден табамын деп ойлағанымен сот шешімімен енді бақандай 7 жылға бас еркінен айрылып, жарқын өмірін темір тордың ар жағындағы жабық жағдайда өткізетін болды. Жұмыс істегісі келген адамға Петропавлда жұмыс орындары жетерлік, соған қарамай  «ауырдың асты, жеңілдің үстімен» жүргісі келетіндер оңай ақша орға жығатынын естен шығармаса екен.