• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 11:00

Астанада 12,5 шақырым жаңа жол салынады

40 рет
көрсетілді

Биыл елордада жалпы ұзындығы шамамен 12,5 шақырым болатын жаңа жолдар салынып, ұзындығы 58 шақырымды құрайтын 50 көше жөндеуден өтеді. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz. 

Қала әкімдігінің айтуынша, аталған жұмыстар жол жабындысының сапасын арттыруға, көлік кептелісін азайтуға және қозғалыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Бүгінге дейін ұзындығы 49 шақырым болатын 41 көшеде жұмыс аяқталды. Мәселен, Абылай хан даңғылы А.Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейін, Фахд бен Абдул Азиз көшесі Байсейітова көшесінен Бейсекова көшесіне дейін, Сейфуллин көшесі Сарыарқа даңғылынан Республика даңғылына дейін, Жұмабаев көшесі Момышұлы даңғылынан Қошқарбаев даңғылына дейін, Бөкей көшесі Оқжетпес көшесінің соңына дейін, Ақбидай көшесі Қ.Кемеңгерұлы көшесінен Өндіріс көшесіне дейін және тағы басқа», деді Жеңіс Қасымбек.

Негізгі жобалардың қатарында:

Ш.Бейсекова көшесі мен Н.Тілендиев даңғылы қиылысындағы көлік айрығы. Мұнда биыл жол өтпесі мен съездердің аралықтары толық орнатылмақ. Бұқар жырау көшесі (Жошы ханнан Тәуелсіздік даңғылына дейін) – жоба аясында тротуарлар, жарықтандыру, бағдаршамдар және инженерлік желілер қамтылған. Асфальт төселіп, жарық тіректері қойылды, енді кабель тарту және тұрғын үй кешендері маңын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Нысан жыл соңына дейін толық іске қосылады.  Қайсенов көшесі (Ұлы Дала даңғылынан Бұқар жырауға дейін) – инженерлік желілер тартылып, жиектастар мен жарық бағаналары орнатылды. Асфальттың алғашқы қабаты төселген, толық аяқталу қараша айына белгіленген. Әйтеке би көшесі (Қ.Мұхамедхановтан Сығанаққа дейін) – құрылыс пен абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр, қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Мұхамедханов көшесі (Қорғалжын тасжолынан Айтматовқа дейін) – өткен жылы басталған жоба биыл жол қозғалысын қамтамасыз етуді көздейді. Қазір асфальт төсеу жүргізілуде. 2025 жылы инженерлік желілер толық орнатылып, қозғалыс Қорғалжын тасжолына дейін ашылады. Т.Рысқұлов көшесі (Мәңгілік Елден Нұраға дейін) – абаттандыру аяқталып, веложолақ салынды, асфальттың үстіңгі қабаты төселді. Бағдаршамдар орнатылып, жаңа трансформаторлық қосалқы станса салынды. Жобаның толық аяқталуы 2026 жылға жоспарланған.