Әлем • Бүгін, 10:57

Конгода Эбола вирусы өршіп тұр: Қайтыс болғандар саны 127-ге жетті

1 мин
оқу үшін

Конго Демократиялық Республикасында Эбола қызбасының 635 расталған жағдайы тіркеліп, 127 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конгода Эбола вирусы өршіп тұр: Қайтыс болғандар саны 127-ге жетті

Жаңа жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Итури провинциясында анықталған.

Көршілес Угандада денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, аурудың 19 жағдайы расталып, екі адам қайтыс болған.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді

10 маусым күні Конгода Эбола вирусынан 115 адам қайтыс болған. Мамыр айының соңында Тедрос Адханом Гебрейесус әлем бойынша Эбола ауруының 900-ден астам күдікті жағдайы тіркелгенін, оның ішінде 101 жағдайдың зертханалық тұрғыда расталғанын мәлімдеген.

Роспотребнадзор мәліметінше, Эбола қызбасын жұқтыру қаупі жоғары өңірлерден келетін адамдардың денсаулық жағдайын бақылау үшін шекарадағы өткізу бекеттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілген.

Эбола вирусының таралу қаупі жоғары 10 ел аталды

Бұған дейін Конго Эбола вирусының кесірінен әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін екені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар