Қазақстан мектептерінде төртінші тоқсан 25 мамырда аяқталады. Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалғандықтан, мектептерде бөлімдік және тоқсандық жиынтық бағалау өтіп, қорытынды аттестаттауға дайындық басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, 9-сынып оқушыларының қорытынды емтихандары 29 мамыр – 11 маусым аралығында, ал 11 (12)-сынып түлектерінің мемлекеттік емтихандары 2-15 маусым күндері өтеді.
9-сынып оқушылары мына пәндерден емтихан тапсырады: – 29 мамыр – математикадан (алгебра) жазбаша емтихан; – 3 маусым – таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан; – 8 маусым – қазақ тілі немесе орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытатын мектептердегі ана тілі бойынша эссе; – 11 маусым – қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен жазбаша емтихан.
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
11 (12)-сынып түлектері үшін емтихан кестесі төмендегідей: – 2 маусым – Қазақстан тарихынан ауызша емтихан; – 5 маусым – алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан; – 9 маусым – оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан; – 12 маусым – таңдау пәні бойынша емтихан; – 15 маусым – қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен жазбаша емтихан.
Сонымен қатар 5-8 және 10-сынып оқушылары мамыр айының соңында қазақ тілінен емтихан тапсырады.
ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады