Фото: ТЖМ
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баспалдақ пен арнайы құтқару қалпақтарын пайдаланып, 4 адамды қауіпсіз жерге шығарып алды. Сонымен қатар, 30 тұрғын эвакуацияланды, оның 10-ы – балалар.
Мамандардың жедел әрекетінің нәтижесінде өрт 15 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.