Кино • Бүгін, 15:08

Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда осы күзде жасанды интеллектке негізделген кино өндірісіне арналған жаңа халықаралық жоба – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) өтеді. Бұл – AI технологиялары арқылы жасалған фильмдерге арналған алғашқы ірі фестивальдердің бірі, ол креативті индустрияның жаңа бағытын айқындауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Фото: Depositphotos.com

Фестиваль авторларды, digital-креаторларды, сарапшыларды, инвесторларды және технологиялық компания өкілдерін бір алаңға жинайды. Негізгі мақсат – кино мен жасанды интеллект тоғысындағы жобаларды дамыту және жаңа форматтарды қолдау.

Іс-шараның басты ерекшелігі – жүлде қоры 1 млн доллар болатын қысқаметражды фильмдердің халықаралық байқауы. Бұл байқау әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушыларды тартуға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль жаһандық деңгейдегі шығармашылық бәсекеге жол ашады.

Алматы облысында әлемдік деңгейдегі кинопавильон салынып жатыр

Бағдарлама аясында бірқатар маңызды іс-шаралар жоспарланған:

  • AI-контентке арналған халықаралық конференция;
  • авторлар мен продюсерлерге арналған питч-сессиялар;
  • фильм көрсетілімдері мен сараптамалық пікірталастар.

Фестивальдің тағы бір ерекшелігі – контент жасаудың барлық кезеңдерін қамтиды және идеядан бастап дайын өнімге дейінгі процесті толық көрсетеді. Әсіресе, гибридті форматтағы жобаларға ерекше назар аударылады, яғни дәстүрлі кино мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін ұштастырған жұмыстарға басымдық беріледі.

Қазақ киносы халықаралық кинофестивальде екі жүлде жеңіп алды

Ұйымдастырушылардың пікірінше, Astana AI Film Festival тәжірибе алмасуға, жаңа технологияларды игеруге және контент индустриясындағы тың бағыттарды дамытуға серпін береді. Бұл алаң Қазақстанды өңірлік қана емес, халықаралық деңгейдегі креативті хаб ретінде танытуға мүмкіндік береді.

Фестиваль бағдарламасы мен қатысу шарттары туралы толық ақпарат алдағы уақытта ресми сайтта жарияланады.

Соңғы жаңалықтар