Бокс • Кеше

Қазақстан бокс құрамасы Futures Cup турнирінде үш алтын медаль жеңіп алды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Futures Cup турнирінде төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан бокс құрамасы Futures Cup турнирінде үш алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 15 наурызда ақтық сынның күндізгі сессиясы өтті. Нәтижесінде отандастарымыз үш алтын, бір күміс медальға ие болды.

Досжан Жұмақан 60 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Сива Чайнаронгтан басым түсті.

Хамза Мақсатұлы 75 келіге дейінгі салмақтың финалында Өзбекстан спортшысы Сухроб Рахматуллаевты айқын басымдықпен жеңді.

80 келіге дейінгі салмақта Айдана Убайдуллақызы финалда өзбекстандық Асалой Бахтиорованы мерзімінен бұрын жеңді.

90 келіге дейінгі салмақтың финалында сынға түскен Жалғас Утебеков өзбекстандық Асадбек Султанбоевке есе жіберді.

Азия чемпионаты: Қазақстан триатлоншылары екі медаль жеңіп алды

Айта кетейік, кешкі сессияда Бейбарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Камила Оспанова (70 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) алтын медаль үшін жұдырықтастады.

Соңғы жаңалықтар