Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан ресейлік балуанға есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Еркін күрестен 2023 жылғы Қазақстан және әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан әлім біріншілігінің алғашқы айналымынан аса алмады.
97 келіде Ризабек ресейлік Магомед Курбановпен күш сынасты. Белдесу нәтижесінде 5: 4 есебі тіркеліп, Магомед Курбанов келесі кезеңге жолдама алды.