Қаржы • Бүгін, 16:32

Бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысы қанша

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап шәкіртақы мөлшері өседі. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысы қанша

Көбенованың айтуынша, стипендиялардың көтерілуі жүйелі сипатқа ие болған.

«Биыл да стипендияларды арттыру көзделіп отыр. 2020 жылмен салыстырғанда олардың мөлшері іс жүзінде екі есе өсті», деді вице-министр ОКҚ брифингінде.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап стипендия мөлшері мынадай болады:

  • бакалавриат студенттері үшін — 52 372 теңге;

  • педагогикалық мамандықтар студенттері үшін — 84 000 теңге;

  • магистранттар үшін — 117 098 теңге;

  • докторанттар үшін — 262 500 теңге.