• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 13:22

Қазақстан мен Иордания экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтеді

30 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Иордания арасында сауда-экономикалық қарым-қатынастарды, инвестициялық әріптестікті және өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады. Кездесуде тараптар энергетика, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі, фармацевтика, IT және цифрландыру, көлік логистикасы, туризм, сондай-ақ гуманитарлық және білім беру салалары бойынша өзекті тақырыптарды қарастырмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сапар аясында 15-ке жуық үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылуы жоспарланып отыр. Бұл құжаттар екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны едәуір кеңейтіп, өзара әріптестікті жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Маңызды оқиғалардың бірі – Қазақстан мен Иордания бизнес-форумы болмақ. Оған шамамен 300-ге жуық кәсіпкер мен инвестор қатысып, іскерлік кездесулер өткізіп, келісімшарттар жасасады деп күтіледі.

Иордания Королі Абдалла II-нің Қазақстанға сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа кезеңге шығармақ. Қол қойылатын келісімдер ұзақ мерзімді перспективада өзара сауда айналымының артуына және инвестиция тартуға негіз болады.