«Қазгидромет» мамандары бүгін Астана, Алматы және тағы екі қала тұрғындары үшін ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«17 мамырда Алматы қаласында, түнде Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.
Ауаның ластануы түріндегі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы қалыптасады.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Астанада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан ескен желдің екпіні түнде 2-7, күндіз секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11 градус, күндіз 26-28 градус.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 3-8 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10 градус, күндіз 23-25 градус.
Қарағандыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні түнде 3-8, күндіз секундына 7-12 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11 градус, күндіз 24-26 градус.
Қарағанды облысында жауын-шашын болжанбайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрге, ал таңертең және түстен кейін аймақтың шығысында, оңтүстігінде 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 6-11 градус, күндіз 24-29.