• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 12:30

Бангкокта пойыз бен автобус соқтығысып, 8 адам көз жұмды

40 рет
көрсетілді

Бангкокта пойыз бен автобус соқтығысып, 8 адам қаза тапты. Тағы 32-сі түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды, Egemen.kz

Оқиға Маккасан станциясы маңында болған. №206 автобус кептелісте рельс үстінде тұрып қалып, жүк пойызының астына түскен. Соққыдан автобус өртеніп, қызыл жалын жанындағы көліктерді шарпыған.

Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда апат себебі тексеріліп жатыр.

Бұған дейін Алматы облысында теміржол өткелінде пойыз бен автобус соқтығысып, алты адам зардап шеккенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар