• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
ЖОЛДАУ Бүгін, 10:16

Теміржол желісі жаңғырып, даму қарқыны артты

10 рет
көрсетілді

«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Мемлекет басшысы бірінші кезектегі инфрақұрылымдық проблемаларды шешу қажеттігіне назар аударды. Президент тапсырмасын орындау аясында көлік-логистика әлеуетін дамытуға арналған ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Бүгінде осы бастамаларды жүзеге асыру жұмыстарының бағыты  қарқынды. Теміржол саласында ұзындығы 1,3 мың шақырымнан астам 4 жоба жүзеге асырылып жатыр, олар: «Достық – Мойынты», Алматы айналма жолы, «Дарбаза – Мақтаарал» және «Бақты – Аягөз».

Биыл Алматы айналма жолы мен «Достық – Мойынты» учаскесінің екінші жолдары аяқталады, бұл жүк тасымалы көлемін бес есеге арттыруға мүмкіндік береді. «Транс-Қазақстан теміржол дәлізі» ауқымды жобасы іске қосылды. Оның аясында «Мойынты – Қызылжар» учаскесі (366 шақырым) салынады және 1,6 мың шақырым жолды жаңғырту жұмыстары жасалады. Алдағы 5 жылда 16 мың шақырым жол салу және жөндеу жоспарланып отыр.

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровтың айтуынша сондай-ақ 125 вокзал жаңғыртылған.

«Ғимараттардың қасбеттері, инженерлік желілері, залдарды, платформалары жаңартылып, мобильділігі төмен азаматтар үшін қауіпсіздік жүйелері мен ыңғайлы жағдайлар жасалып жатыр. Биыл жолаушылар вагондарының паркі 175 бірлікке толықтырылады, оның ішінде Stadler компаниясының 51 вагоны бар», деп атап өтті М.Қалиақпаров.