Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жүк ұшақтарын әкелу кезінде кедендік баж салығы мен салықтан 12 жылға босату туралы ұсынысы мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта ұшақтарды импорттауға салынатын кедендік баж мөлшері 7,5% және 12,5% аралығында.
Бұл бастаманы Қазақстан Мәскеуде өткен ЕЭК кеңесінің отырысында ұсынған, кейін ол қолдау тапқан.
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Болжам бойынша, Қазақстанға жүк авиация паркін жаңарту үшін 130 ұшақ қажет. Жаңа режим отандық әуе тасымалдаушыларға қаржылық жүктемені азайтып, жүк флотын жаңарту мен пайдалану шығындарын жеңілдетуге мүмкіндік береді.